|
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
|
044 -53/19-
1 беттің6-беті
|
«Физиология» пәні бойынша жазбаша қорытынды бағалауға арналған емтихан сұрақтары
|
«ФИЗИОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЗБАША ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Пән: «Физиология»
Пән коды: MF-2201-2
БББ атауы: 6B10101 - «Жалпы медицина»
Оқу сағаттарының/кредиттердің көлемі: 120 сағат/ 4 кредит
Оқытылатын курс пен семестр: ІІ- курс, ІІІ-семестр
Шымкент, 2021 жыл
Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к., доцент _____________ Жакипбекова Г.С.
Құрастырушы: аға оқытушы, Мурина Н.М.
аға оқытушы, Сатыбалдиева Н.М.
Кафедра мәжілісінің хаттамасы № _______Күні_____________2021ж.
Жұлынның құрылымдық үйлесуі. Жұлынның қызметтері
Жұлын (medulla spinalis) aдам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының қуысында
орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын алғаш
бассүйексіздерде (ланцентниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған.
Қосмекенділерде аяғының пайда болуына байланысты мойын және бел
тұсы жуандап, Жұлын жүйкелері иық және жамбас белдеуінде жүйке
торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағында орналасқан
симпатикалық жүйке жүйесі жақсы дамыған. Бауырымен
жорғалаушыларда олардың тіршілігіне байланысты алдыңғы ми
сыңарлары сұр затының үстіңгі қабаты ми қабығына айналған. Жұлын
құрылысы күрделеніп ұзара бастайды.Құстардың Жұлынының бір ұшы
мишықпен, екінші ұшы вестибулалық аппаратпен байланысқан. Ал
сүтқоректілердің онтогенезінде Жұлын күрделенген пирамидалық
жүйемен дамиды. Жұлын өзінің жоғарғы және төменгі өткізгіш жолдарын
орталық жүйке жүйесімен жалғастырып, барлығын бір орталыққа
бағындырады. ЖҰЛЫНҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады.
Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде
орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы
шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа
омыртқаға дейін созылып жатады. Жұлынның алдыңғы
және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері
болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп
тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын
сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында
пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның
денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр
заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің
жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын
құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында
орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |