Алишерова Айжан боөЖ дер 9-10-11-12-13-14апта №9 сабақ



бет17/25
Дата04.05.2023
өлшемі121,47 Kb.
#89763
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
микро сөж

СӨЖ тапсырмалары:
1 Шикізат пен дайын дәрілік заттардың деконтаминациялау әдістерін жазу.
Дәрілік шикізат дайындау кезеңдерінде және сақтау барысында микробтармен ластануы мүмкін. Дәрілік препараттарды дайындау кезінде, микроорганизмдер қоршаған ортадан түсуі де мүмкін. Дәрілік препараттар дайындау кезінде санитарлық микробиологиялық бақылау жүргізу арқылы анықтайды. Парентеральды енгізуге арналған дәрілік заттар, көз тамшылары, майлар, үлбірлер және т.б, нормативті техникалық құжаттарға сәйкес стерильді болуы керек. Селективті деконтаминация аз адсорбцияланатын химиопрепараттарды мысалы: (ванкомицинді, гентамицинді және нистатинді кешенді тағайындау) ішке қабылдау жолымен жүргізеді.
13 сабақ
Тақырып: Дайын дәрілік заттардың санитариялық-бактериологиялық зерттеу
Санитарлық нормалардың, үй-жайлардың микроклиматының (температура, ылғалдылық, шаң бөлшектерінің мөлшері және т.б.) бұзылуы аясында субстратта микроорганизмдердің дамуының I-IV кезеңдерінде болатын барлық процестерді жеделдетуге болады. Мысалы, ылғалдылық пен ауа температурасының жоғарылауы ұнтақтардың, таблеткалардың демпферленуіне ықпал етеді, содан кейін олардағы микроорганизмдердің өмірлік белсенділігі белсендіріледі; жақпа негіздерінде микрофлора ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.
Санитарлық микробиология- адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін коршаған ортадағы микроорганизмдерді зерттейтін медициналық микробиологияның бөлімі .
Ол қоршаған орта объектілерінде патогенді , шартты- патогенді және санитарлық- корсеткіш микроорганизмдерді анықтайды , қоршаған орта обьектілерін залалсыздандыру тиімділігін бақылау тәсілдерін және гигиеналық нормативтерді микробиологиялық көрсеткіштерін жасайды . Патогенді микроорганизмдерді анықтау эпидемиологиялық жағдайды бағалауға және жұқпалы аурудың алдын - алу және тиісті күресу шараларын қолдануға мүмкіндік береді . Шартты – патогенді микроорганизмдер - әлсіреген организмде іріңді- қабыну процесін қоздырады . Сонымен қатар , олар тағам өнімдеріне түсіп , жылдам көбейіп , токсиндер бөліп , адамдарда микробтық этиологиялы тағамнан уланулар қоздыруға себепкер болады . Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерді - қоршаған орта обьектілерінде патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіндігін жанамалап анықтауға негізделіп қолданады . Олардың анықталуы адамдар мен жануарлар бөлінділерімен нысанның ластанғандығын дәлелдейді . Мысалы , ішек инфекциясы қоздырғыштарының бөліну жолы ішек таяқшасы тобындағы бактериялармен – ІТТБ ( бұл топқа , ішек таяқшасынан басқа қасиеттері ұқсас Citrobacter , Enterobacter , Klebsiella туыстастығының бактериялары тамшылы инфекция кіреді ) , энтерококтармен , перфрингенс клостридиясымен бірдей . Ауа қоздырғыштарының бөліну жолы жоғарғы тыныс жолының шырышты сабыгында тұрақты мекендейтін бактериялармен ( коктармен ) қоршаған ортаға ( жөтелгенде , түшкіргенде , сөйлегенде ) бөлінетіндігімен бірдей . Сондықтан жабық бөлмелердің ауасының санитарлық- көрсеткіш бактериясы ретінде гемолитикалық стрептококтар мен алтынды стафилококтар қолданылады . Санитарлық - көрсеткіш микроорганизмдерге келесі шарттар қойылады:
Адам немесе жануар организмінде мекендеп , бөлінділерінде тұрақты анықталуы керек . Топырақ пен суда мекендеп , көбеймеуі керек . Қоршаған ортаға организмнен бөлінген соң әртүрлі факторларға төзімділігі мен тіршілік ету ұзакты патогенді микробтармен бірдей немесе олардан жоғары болу керек . Олардың қасиеттері шынайы типті және жеңіл анықталуы керек . Оларды анықтау және бір - бірінен ажырату тәсілдері қарапайым , тиімді болуы керек , Қоршаған ортада патогенді микроорганизмдерге қараганда көп мөлшерде болуы керек Қоршаған ортада оларға ұқсас мекендейтін микроорганизмдер болмауы керек . Санитарлық – микробиологиялық тәжірибеде патогенді , шартты - патогенді және санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерден басқа зерттеу материалының ( су , топырақ , тағам өнімдері , дәрі - дәрмектер және т.б. ) белгілі көлеміндегі немесе мөлшеріндегі жалпы микроб санын анықтау пайдаланылады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет