қалауы бойынша ажырасуға тыйым салынды. Азаматтық некелесу тәртібі,
әйелдердің еркектермен теңқұқықтығы жарияланды. 1925 жылы еуропалық
киім кию, араб әліпбиінен латын алфавитіне көшу жүргізілді. Түрік
әйелдеріне сайлау құқығы беріліп, оларға мәдени, қоғамдық, саяси өмірге
қатысуға жағдай жасалды. 1934 жылы мәжіліс фамилия енгізу заңын
жариялады. Сол жылы 24 қарашада Түркияның Ұлы халық жиналысы М.
Кемалға Ататүрік (түріктердің атасы) деген фамилия берді. Экономикалық
салада Кемал үкіметі
этатизм (мемлекет) саясатын
жақтады. Экономика
дамуы мемлекет қамқорлығына алынып, мемлекет қаржыларының
көмегімен өнеркәсіп орындары, теміржол және тасжолдар, порттар салынды.
Достарыңызбен бөлісу: |