Металдармен (Fe, Zn, Al) тотықсыздану: CuSO4 + Fe FeSO4 + Cu
Жалын түсінің боялуы: HCl қатысында жалынды жасыл түске бояйды.
Сандық анықтау
Йодометрия әдісі (ҚР МФ). Титрант – 0,1 М натрий тиосульфаты; индикатор – крахмал.
Сақталуы. Б тізімі бойынша
II топ: магний, кальций, барий, мырыш қосылыстары
Берілген топтың дәрілік заттарына магнийдің бейорганикалык препараттары, магний оксиді, кальций, барий сульфаты жатады. Магнийдің бейорганикалык препараттары паронтеральді тыныштандыратын, спазмолитикалык, гипотензивті зат және пероральді іш жүргізетін (магний сульфаты) зат ретінде; магний оксиді - антацидті зат ретінде; кальций аллергияға қарсы және қан тоқтататын зат ретінде колданылады. Барий сульфаты рентген сәулелерін жібермеу қабілетіне байланысты қолданылады. Мырыштың жетіспеуі иммунитеттің төмендеуіне, шаш өсуінің бұзылыстарына, дерматитке алып келуі мүмкін.
Магний қосылыстары
Магний қосылыстарының табиғи көздері
Магний табиғатта магнезит MgCO3, доломит MgCa(CO3)2, кизерит MgSO4*H2O, эпсомит MgSO4*7H2О минералдарында; серпентин, асбест, тальк және т.б. силикаттарда кездеседі.
Қолданылуы
Магний оксидін асқазан сөлінің жоғары кышкылдығында колданады. Магний сульфаты іш жүргізетін әсер көрсетеді.
Дәрілік зат
Сипаттамасы, ерігіштігі
МАГНИЙ ОКСИДІ MgO
Ақ түсті ұсақ, жеңіл ұнтақ. Суда және спиртте іс жүзінде ерімейді. Сұйылтылған хлорсутек, күкірт және сірке қышқылдарында ериді.
МАГНИЙ ГИДРОКСИДІ
Mg(OH)2
Ақ түсті немесе ақ түсті дерлік ұсақ аморфты ұнтақ. Суда іс жүзінде ерімейді. Сұйылтылған қышқылдарда ериді.
МАГНИЙ СУЛЬФАТЫ ГЕПТАГИДРАТЫ
MgSO4 *7H2О
Ақ түсті ұнтақ немесе түссіз призмалық кристалдар. Ауада кебеді. Суда оңай ериді, қайнап тұрған суда оте оңай ериді, спиртте іс жүзінде ерімейді