Аллѓашќы кµмек кµрсетудіњ негізгі шарттары


Қолдан дем алдыру тәсілдері



бет2/5
Дата18.12.2023
өлшемі53,5 Kb.
#140474
1   2   3   4   5
Қолдан дем алдыру тәсілдері

Адамның тынысы тарылғанда немесе дем алуы кенет тоқтаған сәттерде алғашқы қолданылатын көмек-қолдан дем алдыру. Бұған кірісер алдында сырқаттың аузхын, тыныс жолдарын тексеріп алған жөн. Егерде оның аузында жасанды жағы, таңдайы, тісі немесе танауында ұйып қатқан қан, топырақ үгінділері болса, оларды мұқият әдісі бар, олар төмендегідей:


Бірінші әдіс (Сильвестрдің әдісі). Дем ала алмай ауыр азапқа ұшыраған адамды шалқасынан жатқызып, сырқаттың өз үстіндегі киімдерінен намесе басқа да заттан бел тұсына биіктетіп төсеніш төсеу керек. Осыдан соң көмек көрсетуші адам сырқаттың бас жағына тізерлей отырып, оның екі білегінен (шынтағынан сәл төменірек) ұстап, « бір, екі» дегенде кеуде қуысын қос қолдай қысып, өкпедегі бар сыртқа шығарады, ал «үш, төрт» дегенде сырқаттың қолдарын жайлап жоғары көтеріп, өзіне қарай серпе тартып созады. Сонда бірденкеңейген кеуде қуысына сыртқы қысымның әсерімен лап етіп кірген ауа, өкпенің қатпар-қатпар бөлшектеріне барынша кеулеп еніп, толық дем алуына мүмкіндіе жасайды. Осылайша дем алдыру тәсілі бірқалыпты ритммен минутына 10-15 реттен қайталауға тиіс. Мұнда есте болатын бір жағдай, ол сырқат адамның тілі көмекейіне кетіп, тыныс жолын бітеп тастамауы үшін тілін бет орамалмен ұстап тұру керек. Бұл әдістің екі адам алма-кезек орындауына болады. Сондықтан да қолдан дем алдырудың басқа тәсілдеріне қарағанда, бұл әдіс әлдеқайда тиімді саналады.
Екінші әдіс (Шеффрдің әдісі). Сырқат адамды етбетімен бір қырындата жатқызып, оның бір қолын шынтағынан иіп, басының астына жастау керек. Жәрдем беруші сырқат адамның аяқ жағынан мінбелей кеп, қарама-қарсы тізерлеп отырады. Міне, осыдан кейін кеуде қуысының төменгі жағынан қапсыра уыстап (бас бармағы жоғары бағытталған), «екі, екі» дегенде бірқалыпты сығымдай қысады. Сонда сығылған өкпе жиырылып, ішіндегі қалдық ауа сыртқы шығады. «Үш, төрт» дегенде сол қалпында саусақтарымен лықыта кеуде қуысын қайыра босатады. Осы кезде жазылған өкпе қатпарларына кеулей кірген ауа терең тыныс алдырады. Бұл тәсілдің ритмі минутына 16-18 рет қайталанады. Егер өте жылдам немесе баяу жасалынатын болса, қажетті нәтижеге жету қиынға түседі. Қолдан дем алдыру әрекеті қандай тәсілмен жасалмасын, сырқат адам өз бетінше тыныстағанша жүргізіле беруге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет