Байланысты: Алғашқы көмек көрсетудің негізгі шарттары (1)
Емшек безін байлау әдісі. әсіресе күнделікті тұрмыста өте жиі кездесетін аурулардың бір түрі балалы әйелдердің емшек безінің қабынып ісінуі болып табылады. Бұл аурудың осыншама жиі кездесетін себебі, жас босанған әйелдер кейде өзін кеүту тәртібін жақсы біле бермейді. Аяқ астынан салқын тигізеді, не болмаса баланы емізгеннен кейін артынан қалған сүтті сауып тастамайды. Ал бұл артылып іркіліп қалған сүттің іритіндігіне көпшілік жағдайда көп мән берілмейді. Сондықтан емшек безінің қабынуының түбегейлі себептерінің бірі осы болып есептеледі. Яғни жас босанған аналардың есінде болатын жай, бала еміп болғаннан кейін емшекті қақтап сауып, босатып отырулаоры керек. Бірақ мұның екінші бір ыңғайсыздығы да бар: үнемі соза берген емшектің ұшы жарылып кетеді. Олай болса ана сүтінің мөлшерін азайту үшін дәрігермен ақылдаса отырып, тамақты режиммен ішу арқылы да тежеу ге болады. Мұндайда сұйық тамақтың мөлшерін барынша азайтқан жөн. Жаңа босанған аналар көбіне осы айтылғандарды біле тұрса да, немқұрайлы қарауының салдарынан емшек бездерінің қабынуы сырқатына жиі ұшырайды. Кейде олар емшектің сызхдап белгі бергенінен бастап, азды-көпті ауырғанына қарамай сарқа сауып, қыздырғыш компресс басып, алдын ала табанды күресе білсе, сөз жоқ, дерттің бетін жылдам қайтаруға болады. Білмеген адамға компресс қойған кездерде оны таңып байлау да аса қиын.