Аллѓашќы кµмек кµрсетудіњ негізгі шарттары


Байлаудың түрлері мен әдістері



бет4/5
Дата18.12.2023
өлшемі53,5 Kb.
#140474
1   2   3   4   5
Байланысты:
Алғашқы көмек көрсетудің негізгі шарттары (1)

Байлаудың түрлері мен әдістері

Жоғарыда айтылған, жарақаттың қандай түрлері болмасын бәрі де дәкемен, шүберекпен, орамалмен және т.с. таңып байланады. Ал байлаудың да өзіне ерекшелігі мен әдістері бар...


Үш бұрышты орамалмен байлау. Бұл әдіс көбінесе бастағы және жамбас пен құйрық үстіндегі жарақаттарға қолданылады. Орамал төрт бұрышты болса оның қарама-қарсы екі бұрышын бір-біріне келтіәріп үш қиықтап алып, жараны бастыра таңып байлайды.
Байлаудың ноқта тәріздес түрі-көбіне мұрыннан қан кеткенде, желке мен иектегі жарақаттардақолданылады. Ол үшін жалпақтау бинттің не дәкенің дәл ортасын былайша айтқанда, жарақаттың үстіне келер тұсын бүтін қалдырып, екі шетін ұзыннан қақ айырып(қайшымен немесе жыртып( бөледі.
Байлаудың қандай түрі болмасын қажетіне қарай тиімді орап таңуға ыңғайлы қарапайым болуы керек. Күнделікті тәжірибеде үлкен сыннан өткен, сан қилы байлаудың түрлері қажетіне қарай, ешуақытта бірін бірі алмастыра алмайды. Мәселен, Т тәріздес байлау басқа байлау түрлерімен ауыстырылуы мүмкін емес. Көбінесе бұл шат пен құйрық асты жарақаттарында кең түрде қолданылады.
Бинтпен байлау. Күнделікті тіршілікте өте көп пайдаланылатын материалдың ең негізгісі-мәрліден жасалған бинт. Бинт еніне қарай үш түрге бөлінеді. Саусақтар мен бармақты байлау үшін қолданылатын бинттің ені 5см болады да, онымен жоғарыдағы айтылған мүшелерді таңып байлау өте ыңғайлы.
Басты, иықты, білекті және балтырды, ені 7-9см бинтпен байлайды, адамның денесін ені 15-20см бинтпен байлау қолайлы.
Байлаудың тақия тәрізді түрі. Көбінесе бастағы жарақаттарды таңу үшін пайданылады. Ол үшін бинттің қысқа үзіндісін төбеден төмен салбырата жіберіа, оның алды-артынан алып, салбырай ілінген ұшы иек астынан қыса байланады. ББастағы жарақаттарды осылайшща өте ыңғайлы да орнықты етіп байлауға болады. Төменгі суреттен иақия тәрізді байлау тәсілін көріп, ұғып алуларыңызға болады. Сол сияқты қолды, саусақтарды, байлаудың да өзіне ыңғайлы ерекше тәсілдері бар. Сырт қарағанда осы айтылғандардың барлығы да оп- оңай, тіпті сөз етудің де қажеті жоқ сияқты. Солай болып көрінгенімен байлай білмейтін адамдардың таңғаны, қаншама тырысқаныменен, артынша сусып тарқатылып жатады. Сондықтан осы жайларды еріксіз ескеруге тура келеді. Міне, төмендегі суреттерде саусақты, басбармақты, алақанды қалай байлау тәсілдері көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет