Аллергиялық жағдайлар және жұқпалы аурулар кезінде дамитын шұғыл жағдайлардың диагностикалық тізбегі және жедел жәрдемі


Тағамдық аллергия дамуына әсер ететін факторлар



бет3/4
Дата11.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#137760
1   2   3   4
Байланысты:
4-тақырып обөж аллергиялық және инфекциялық аурулардағы шұғыл жағдайлар

Тағамдық аллергия дамуына әсер ететін факторлар

  • Секреторлы IgA синтезінің жеткіліксіздігіне байланысты асқорыту жүйесіндегі иммундық тосқауылдың төмендеуі
  • Тағам құрамын қалыпты қорыту бұзылыстарына және дисбактериозға әкелетін асқазан-ішек жолдарының аурулары
  • Ішекте шіру үрдістерін ұлғайтатын іш қатулар
  • ішек паразиттері

Клиникалық көрінісі

  • Тағамдық аллергия түрлері әр алуан, бірақ ең жиі кездесетіндері әртүрлі экзантемалар, нейродермит, есекжем, Квинке ісінуі.
  • Тағамдық аллергия абдоминальды және диспепсиялық синдромдармен көрінуі мүмкін, жиі – респираторлы аллергоз симптомдарымен, талмалық жағдай түріндегі жалпы реакциямен, шеткері қандағы өзгерістермен көрінуі мүмкін (тромбоцитопениялық және лейкопениялық реакциялар), бірлескен тері-респираторлы реакциялармен өтуі мүмкін, бұларға кең спектрлі тағамдық және өндірістік ингаляциялық аллергендерге полиаллергия тән.
  • Аллергия симптомдары өте тез немесе тағамды жегеннен кейін 2 сағат ішінде дамиды.

Диагностикасы

  • анамнез мәліметтеріне және клиникалық көріністеріне негізделген және себептік аллергенді анықтаумен дәлелденеді (тағамдық күнделік жүргізу),
  • элиминациялық және провокациялық сынамалар,
  • скарификациялық және тері ішілік тестілеу өткізу,
  • қанда жоғарылаған иммуноглобулин Е деңгейін
  • анықтау.

Жедел жәрдемі

  • Себептік аллергенді алып тастау
  • Гипоаллергенді емдәм
  • Антигистаминді дәрілер (супрастин, тавегил) курспен 2 аптаға дейін 5-7 күннен кейін дәрілерді алмастыра отырып
  • Антимедиаторлық әсерлі дәрілер (интал 100 – 150 мг/кг тәулігіне ішке, задитен 0,025 мг/кг тәулігіне курспен 1,5 айдан 6 айға дейін)
  • Созылмалы аллергодерматоздар кезінде гистаглобулин қолданады, тек ремиссия кезеңінде тағайындалады, сонымен қатар аллергоглобулин (қорғаныш антиаллергиялық заттары бар гамма-глобулин) қолданылады.

Лайелл синдромы

  • (токсикалық эпидермальды некролиз) –тері және шырышты қабаттардың токсико-аллергиялық зақымдануы, жиі ішкі мүшелер мен жүйке жүйесіндегі өзгерістермен бірге жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет