ОБӨЖ Тақырып:Аллергиялық жағдайлар кезінде дамитын шұғыл жағдайлардың диагностикалық тізбегі және жедел жәрдемі
Тобы:ЖМ-918
Орындаған : Абдисаламатов Э. Амангелді. А
Қабылдаған: Мархашев М.М.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Жалпы Медицина Факультеті
Түркістан 2023
Тақырыптың өзектілігі
Аллергия көріністері әр үшінші адамды мазалайды, және де соңғы 20 жылда аллергиямен ауыратындар саны тез өсуде
(SAAC) халықаралық зерттеу мәліметтері бойынша тек қана аллергиялық ринит популяцияның 20-25% құрайды
Дүниежүзі бойынша аллергиялық аурулардың өсуі қоршаған орта әсерлерімен, сонымен қатар өмір сүру әдеттерінің өзгеруіне байланысты
Балаларға жедел жұқпалы ауру себебі бойынша жедел медициналық жәрдем шақыру жалпы балалар санының 50% жоғарысын құрайды,
Ерте жастағы балаларда – барлық ЖЖ шақыртыларының 90%-ға жуығын құрайды
Квинке ісінуі (ангионевротикалық ісіну, ірі есекжем)
– тері, теріасты шел қабаты және шырышты қабаттардың айқын ісінуімен мінезделетін жедел аллергиялық ауру
Квинке ісінуі көп жағдайда бетте, мойында және дененің жоғары бөлігінде, қол және аяқ басының сыртқы жағында кездеседі
Сирек жағдайда Квинке ісінуі ми қабықтарын, буындарды және ішкі мүшелерді зақымдайды.
Клиникасы
Бет, алақанның сыртқы беті, мойын, аяқ басының сыртқы беті тіндерінің жедел дамитын ісінуі. Ісіну аймағында тері түсі бозғылттанады. Ісіну қышыну сезімсіз, бірнеше сағат немесе бірнеше күнде ізсіз жоғалады.
Ең қауіпті түрі – жұтқыншақ, көмей, кеңірдек ісінуі (әр төртінші науқаста). Кенеттен мазасыздық, тыныстың қиындауы дамиды, сана бұзылуы мүмкін. Жұмсақ таңдай және таңдай доғашықтары ісінеді, аңқа өзегі тарылады. Науқас тұншығудан қайтыс болуы мүмкін.