Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет53/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65
«Шəкір – Шəкірат». Қиссада «Жүсіп–Зылиха», «Жұмжұма» 
сияқты  бірнеше  сюжет  желісі  аралас  келген.  Бұл  қисса 
«Бақтиярдың қырық бұтағына» кіреді. Оны:
Бақтияр тек отырып зар еңіреген,
«Ғаріп басым жалғаннан өттім», – 
деген сөзінен аңғарамыз. 


275
274
«Шəкір – Шəкірат» 1840-1916 жылдар  арасында  оннан 
астам  рет  баспа  бетіне  шыққан,  сондықтан  қазақ  арасына 
кеңінен  тараған.  Одан  басқа  қолжазба  нұсқалары  да  бар 
(Қисса-дастандар. 1986-329).
«Шəкір – Шəкірат»  оқиғасында  һашым  патшаның  əйелі 
өліп,  екі  ұлы  жетім  қалғаны  айтылады.  Кейін  алған  жас 
əйелі  қырсық  боп  жабысады.  Шəкірат  аңға  кеткенде,  өгей 
шешесі Шəкірге:
Сен маған лайықсың, айналайын,
Қартайған сұм əкеңді не қылайын. 
Сұм əкеңе у беріп өлтірейін,
Не қылсаң да қасыңда мен тұрайын.
Көнбеген  Шəкірді  патшаға  жамандап,  өлтіртпек  болады. 
Жендеттер  оны  аяп  босатады  да,  қойдың  қанына  көйлегін 
былғап, «өлтірдік», – деп,  патшаға  алып  барады  (Жүсіптің 
көйлегін  қанға  былғап  Жақып  пайғамбарға  алып  барған 
ағаларын еске алайық).
Жалаңаш  қашқан  Шəкір  жолда  аңнан  қайтқан  ағасына 
жолығып,  екеуі  жартас  түбінде  демалып  жатқанда,  жылан 
шағып  өлтіреді.  Қиссаның  өн  бойында  қосымша  əсерлегіш 
қалыптар  қолданылып  отырады.  Ол – «Шəкір – Шəкіраттың 
жылағаны», «Шəкіраттың зары», т.б.
Інісі  өлген  Шəкірат  қаңғып  жүріп  бір  шаһарға  келіп, 
«ысқырған айдаһардың тілін буып», патша болады. Сол ара-
да  бір  кемпір  мен  шал  Меккеге  бара  жатып  жолда  өліп  жат-
қан  Шəкірді  көріп,  тіленіп,  дұға  қылады.  Иса  пайғамбар-
дың  тілегімен  тірілген  Жұмжұма  сұлтанға  ұқсап,  Шəкір  де 
тіріледі.  Айдаһарға  күніне  бір  қыз,  бір  қой  алып  бермекші 
екен. («Қорқыт  атадағы»  Төбекөз  желісі).  Кезегі  кел-
ген қыздың орнына қызша киініп Шəкір кетеді.
Қыз бен қойды айдаһар сорып жұтты,
Шəкір бала қанжарын қарсы тұтты.
Аузынан тигенде сырылдатып,
Құйрығының ұшынан бір-ақ шықты.
Одан  соң  сандық  сүйреп  жүрген  адамнан  сандығын  үш 
түйе  жүкке  сатып  алып,  ішіндегі  сұлу  қызды  көріп  ғашық 
болады.  Көп  қиыншылақтардан  соң,  əкесінің  Шəкір  мен 
Шəкіраттың ақ екеніне көзі жетіп, үшеуі қайтадан табысады.
«Шаһнаманың» үшінші бір кең тараған желісі – Самұрық 
құс  жайындағы  сюжеттер.  Самұрық  көбіне  жағымды  бей-
неде  алынады. «Шаһнамада»  тастанды  баланы  (Дастан) 
асырап  өсіріп,  анадай  қамқорлық  жасайды.  Осы  Самұрық 
құс  бейнесі  қисса-дастандарда  жиі  кездесіп  отырады. («Мə-
лік  хасанда»,  Тұрмағамбеттің  «Тұтқын  қызында»).  Қытай 
қазақтарында  негізгі  қаһарманды  Самұрық  етіп  алған  тұ-
тас дастан да сақталған («Самұрық». Қазақ қиссалары. 1986).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет