Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет51/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65
«Шаһнама»  сюжеттері.  «Шаһнама»  сюжеттерінің  қазақ 
əдебиетіне  келуінің  тарихы  əріде  жатыр.  ХІ  ғасырда  жа-
зылған  «Құтты  білікте» (Баласағұни) «Шаһнама»  кейіпкер-
лері  ауызға  алынады.  Ал  ХІV  ғасырдағы  түрік  поэзиясынан 
Фирдоуси  танымал  ақын  болып  көрінеді.  Рүстем,  Науша-
руан,  Фридундар  айшықты,  бейнелі  сөздермен  мақталады 
(Мысалы, «Махаббат намада»). Аса құрметпен аталады.
«Шаһнаманың» Орта Азияға таралуына оның (1218-1215) 
əдебиеттегі  «Шаһнамадан»  түскен  жарықты  өшіруге  тырыс-
қан  біздің  кеңестік  заманымыз  болды.  Əсіресе, 1836-1870 
жылдардағы  Ораз  молда, 1886 ж.  Сердалы, 1901 ж.  Хасан 
молдалардың  «Шаһнаманың»  аударма – қазақша  нұсқала-
рын  жазуы,  Мұхаметжан  Сералиннің  «Айқаптағы» «Рүстем 
–  Зорабы»,  т.б.  көптеген  еңбектер – «Шаһнаманың»  қазақ 
арасында таралуының куəсі (Күмісбаев Ө., 1994).
Фирдоусидың  мыңжылдық  мерейтойына  байланысты 
«Шаһнаманың»  қазақша  нұсқасын  жасаған  Тұрмағамбет  Із-
тілеуов  болды.  Тұрмағамбеттің  жырлауында 40 мың  жол 
өлең қағазға түсіп, бір-ақ бөлімі – соның жартысына жуығы 
ғана «Рүстем-Дастан» деген атпен 1961 жылы басылып шық-
қан  болатын.  Басылымның  алғы  сөзінде  М.Əуезовтің  оған 
қандайлық баға бергені əдебиетшілер қауымына белгілі.
ХХ ғасырдың бас кезінде «Шаһнама» желілерін негіз етіп 
алған  қисса-дастандар  туады: «Шаһнама»  сюжеттерінің  ол 
қиссалармен  қаншалықты  нақты  сəйкес  келетіндігін  өз  ал-
дына  зерттеуді  қажет  ететін  үлкен  жұмыс  деп  білеміз.  Қа-
зіргі  күнде  олардың  бас-аяғын  жинақтап,  жүйелеп,  ауқы-
мын,  мазмұнын,  бағыттарын  білу  мəселелері  де  атқары
луға тиісті қыруар шаруалардың бірі.
«Шаһнама»  сюжеттерінің  желісіне  жақын  келетін  дас-
тандарға: «Қисса  Баһрам», «Еренғайып  (Иранғайып)  шаһ 
Ғаббас», «Мұңлық – Зарлық», «Шəкір – Шəкірат», т.б. жатқы-
зуға  болады.  Бұлар 1986-1995 жылдары  Ү.Сүбханберди-
наның  құрастыруымен  екі  рет  жарық  көрген. (Қисса  дас-
тандар. 1986; батырлық дастандар. 1995).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет