Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет59/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
116 
— әрі кетсе ертең күн шыға. 
— Өздері қанша жұрт? 
— Қыруар ел. Алды келіп өзеннің кең алқабында қазан көтеріп жатқанда, 
көштерінің соңы түйелерінің қомын алып та үлгерген жоқ. Оның үстіне жан-
жақтағы қазақ жерінен, тіпті алыстағы ауылдардан соңдарынан іздеп келіп 
қосылып жатқан елде есеп жоқ. Сірә, Әбілқайыр хан шеңбері сорлы халықтың жан
етін жұлып алуға айналған болуы керек... 
Исан-Бұғының қабағы қарс жабыла қалды. Шабарман хан алдында хандардың 
халыққа істеген қиянатын тәптіштеудің үлкен қылмыс екенін тез ұқты. «Қарға 
қарғаның көзін шұқымас деген міне, осы екен», — деді ол ішінен. Қарапайым 
адамның тілі тым ұзын болса, хан әмірі қалай қысқарта қоятынын бұрыннан да 
білетін шабарман, тым қысылып қалды, бірақ сол сәтте жол тауып кетті. 
— Кешіріңіз, хан ием, — деді ол тағы басын төмен иіп, екі қолын кеудесіне 
қойып. — Сүйіндік хакім, бүкіл Моғолстан халқының қамқоры әділетті Исан-Бұғы 
ханға Дәшті Қыпшақтың көп руларының көшу себебі Әбілқайыр ханның 
қиянатынан деген жайды айт деп еді. 
Шабарманның қулығын ұққан кей хакім, әмірлер кекете езу тартты. Бірақ өзін 
«ел қамқоры» деген сөз құлағына жылы тиген Исан-Бұғы қабағын қайта ашып: 
— Жақсы. Қонақ үйге барып тынық. Хакім Сүйіндікке біздің айтарымызды 
ертең естисің... 
Басын аман алып қалғанына қуанған шабарман «құп, тақсыр», деп үйден ата 
жөнелді. Далаға шығып «Уф» деп демін алды. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» 
деген міне, осы. Егер басыңды аман алып жүргің келсе, аузыңа ие бол. Тым 
ақылси берме». 
Шабарманның Исан-Бұғыға: «Қыруар ел, оның үстіне жан-жақтарынан көшіп 
келіп қосылып жатқан жұрт та ығы-жығы» дегені бірде-бір жалған емес еді. 
Жәнібек пен Керей Қаракеңгір мен Сарыкеңгірді кейін тастап, Қарақұмнан үш 
күнде жедел көшіп өткен соң, соңдарынан ерген елдердің ақсақал, батыр, билерін 
жинап кеңес құрған. Барар жеріміз алыс және жат жер. Ағайын жоқ болсаң бере 
алмайды, бар болсаң көре алмайды. Моғолстан елі бізді қалай қабылдайтыны 
белгісіз. Сондықтан түйенің қомын, аттың жалын алдырмай, ағайынға 
сорлылығымызды көрсетпей жетелік. Күшті екенімізді көрсе сыйлар, күшсіз 
екенімізді көрсе аяр, «кет кейін» дей қоймас, туыстығымызды қимас... деп 
шешкен. 
Осы күннен бастап сыңсыған қалың ел, малдың күйіне қарай, асықпай көшіп 
отырған. Бір аптадай өткен шақта Жәнібек пен Керей өздерінің он бес ұл, жеті 
немере, көптеген, аға-інілерін жинаған. Жәнібек, жолай «Қызыл жыңғылдан» өтіп 
бара жатқанда жігіттеріне кестіріп алған жуандығы қамшы сабындай бір құшақ 
қызыл күрең тобылғыны алдына қойып, үлкен баласы әдік төре мен Керейдің 
тұңғышы Бұрындыққа: 
— Алдарыңдағы тобылғыдан бір-бірден алыңдар, — деген. 
Аналар алған. 
— Енді сындырыңдар, — деген. 
Аналар қолдарындағы тобылғыларын шытыр-шытыр сындырған. 
— Енді үшеуден алып сындырыңдар, — деген Жәнібек. 
Аналар үш тобылғыдан алып бәлендей күш жұмсамай бұ жолы да сындыр- 
ған. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
117 
— Енді бесеуден алып сындырыңдар, — деген Жәнібек сұлтан. 
Аналар бес-бестен тобылғыны алып, әжептәуір күш жұмсап сындырған. 
— Енді сегізден алып сындырып көріңдер, — деген Жәнібек. 
әдік пен Бұрындық тобылғыны сегізден алған. Тізелеріне де салған, 
табандарына да салған, маңдайларынан сорғалап тер де аққан, әйтеуір қиналып 
барып, балуан тұлғалы қос арлан әзер дегенде сындырған. 
— Енді оннан алып сындырып көріңдер, — деген Жәнібек сәл күлімсіреп. 
Сындыра алмайтындарын білсе де, әдік пен Бұрындық тобылғыны оннан алған. 
Сындырмақ боп әрі-бері мықшыңдап көрген. Күштерінің жетпейтінін білген соң 
«құрып қалғыр, болатын емес» деп тобылғыларын лақтырып жіберген. 
Жәнібек үндемей сәл ойланып отырған да: 
— Міне, ел бірлігі деген осы, — деп сөзін бастаған, — жалғыз адамды жау 
алады. Ал көп біріксе ешкім де жеңе алмайды. Көп қорқытады.Терең батырады. 
Егер екі қолдың он саусағындай қазақтың бар рулары қос жұдырық боп түйілсе, 
қандай жауына болса да қауіпті күш... 
Жәнібек пен Керейдің өзге балаларынан жасы үлкен және өзін өзгелеріне 
қарағанда еркіндеу ұстайтын, ұр да жық мінезі бар Бұрындық: 
— Басқа рулар қайда қалады? — деген. — Мысалы, найзасының ұшы алтын 
Алшын... 
— Алыстағы ағайын өзі шешсін өз тағдырын... 
Еш уақытта да хан мен билердің бірігуімен ғана хандық құрылмаған. Орда 
шаңырағын халық көтерген. Қазақ елі егін еккен отырықшы жұрт емес. Бар 
шаруашылығы мал өсіру. Мұндай көшпелі елдің халқы — рулары. Олардың 
көсемдері — батыр, билері болғанменен, дені жай шаруа, кедейлер. 
Жәнібектің ойы, ісін сәтті ету үшін, осы қара халықты өз жағына көбірек тарту. 
Қазір ол соның жолын іздеп отыр. 
— Жақсы, — деді Бұрындық, — Алшынды қоя тұралық. Сонда борышымыз не 
болмақ? 
Жәнібек Бұрындыққа ойлана қарады. 
— Түсінсең борышыңды өзің айт. Тісі шыққан балаға шайнап берген ас 
болмайды. 
— Білмеймін, — деді Бұрындық. — Бізге ергісі келмейтін руларды шабамыз 
ба, қайтеміз... 
Тұңғышының ойланбай айтқан сөзінен намыстанып қалса да, оның тез 
шамданатын мінезін еске алып, сөзге сараң Керей: 
— Ұлым, ел шабуға асықпа, — дей салды. 
— Өзгелеріңде қандай ой бар? — деді Жәнібек. 
Аға тұрғанда іні сөйлеу сөкет іс қазақ дәстүрінде. Тіл ұшына келіп тұрған 
айтары болса да осы дәстүрден шыға алмай, Жәнібектің ортаншы ұлы Қасым 
сұлтан төмен қарап тыпырши берді. 
— Қасымжан, сен бірдеме демексің бе? — деді Жәнібек баласының сөйлегісі 
келіп отырғанын сезіп. 
— Иә, көке, рұқсат етсеңіз, бірер ауыз кеңесімді мен де берейін деп едім. 
— Айт, рұқсат... 
— Өзіміз әне шабыламыз, міне шабыламыз деп келе жатып, біреуді шабамыз 
деуіміз ағаттық болар... Және көке, өзіңіз айттыңыз ғой, ағайын күшіңді көрсе 
сыйлайды деп... 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет