Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет102/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
202 
қазақтың Үш жүзге бөлінуі аяқталды. Қасым хан осы баласын көргенде өзінің 
алғашқы жорыққа аттанғаны есіне түсіп, ішінен баласына «бақытты бол!» деп 
күбірледі. Иә, Сар даласында, сонау ұзақ тарихында қазақ халқы не көрмеді. Суға 
да батты, отқа да жанды, бірақ тірі қалды, құрып кетпеді. Осының бәріне айғақ 
халықтың ерлігі, тағдыры үшін күреседі. 
Бағанадан бері әскерінен көзін алмай тұрған Қасым хан осыншама жауынгер 
ұл берген халқына риза болып кетті. 
— Мына сұрапыл күшке қарап тұрып бір ойға келдім, — деді ол қайтадан 
жақында ғана майсары болған Оңай батырға, — қазақ елі нағыз бір алмас қылыш 
қой, қарашы, алмас қылыштан айни ма? Ол — жарқ-жұрқ етіп, байтақ даланы 
дүбірлеткен қалың әскерді көрсетті. 
— Кәп осы алмас қылыш кімнің қолында болады, сонда ғой, — деді Оңай 
батыр ханға сәл бұрылып, — кім оны қалай ұстайды, қандай арман үшін жауына 
салады. 
— Жөн айтасың, — деді Қасым, — бабын таппасаң қыран құс қасқыр ала 
алмайды, — сөйтті де ол қалың қол аттанып бара жатқан күншығыс пен 
оңтүстікке қобалжи қарады. — Ел шетіне жау келді, алмас қылыш тағы 
қынабынан суырылды... Арты немен тынбақ? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет