Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет81/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
160 
қайта оянды. Құшағында жатқан, таң алдында ғана маужырап ұйқыға шомған жас 
жарының бетіне қарады. Бозғыл таңмен қара торы жүзі сәл ақшыл тартып, шие 
ерні сәл ашылып, дем алған тынысы сәл естілер-естілмес боп білініп, тәтті ұйқыда 
жатыр екен. Жәнібек өзін-өзі ұстай алмай, аш белінен қысып, жас аруын өзіне 
қарай икемдей берді. Ақ білегін мойнына салып, ұзын кірпіктері астынан еріне 
еркелей қараған Жаған:
— Кешегі өтінішіме жауап бермедің ғой, сұлтаным, — деді. 
Жағанның адалдығына риза болған Жәнібек, дәл осы сәтте бойын билеп кеткен 
қуанышын баса алмай: 
— Жарайды, айтқаныңды орындайын, — деген, келіншегін белінен құшырлана 
қысып. 
Сөйткен Жаған сұлу осы. Сондағы тілек еткен Хасен деген жігіті анау... 
Жәнібек қабағын түйіп есік алдында сәл кідірді. Өмірінің ең алғашқы қуаныш 
сағатында Жаған тумай жатқан баласына Хасенді атеке ет деп бекер өтінді ме? 
Расымен... Жоқ, жоқ, ол мүмкін емес. Жан сезімі қалай туласа да, Жаған оны баса 
алады. Былтыр өзі айтқан жоқ па еді, «мінез деген бір асау байтал ғой, талай 
асауды үйреткенде өз сезімімді өзім үйрете алмаймын ба» деп. Ол өз сезіміне өзі 
ие бола алады. «Ал ие бола алмай жүрсе қайтем? Ақылдан басқа жүрек бар ғой. 
Ал жүрек деген құрық көрмеген шын тағы жылқы тәрізді емес пе? Басына түскен 
құрықты үзіп кеткен жүйріктер аз ба? Онда... онда... жоқ, жоқ, қазір әңгіме бұл 
жайында емес. Әңгіме бір қатынның тағдырынан көрі үлкен іс хақында. 
Халқымның тағдыры туралы... Ең алдымен соны шешу керек». 
Жәнібек қабағы қайта ашылды. Ол кебісін тастап, қызыл сафьян мәсісімен 
төрге шығып төрт қабат шәйі көрпенің үстіне, ақ мамық жастықты шынтақтай 
отырды. 
Жаған қымыз құйылған күміс шара мен алтын кесені әкеп, төменірек тізе бүкті. 
Иісі аңқыған сары қымызды күміс ожаумен сапыруға кірісті. 
— Хан ием, жақсы жатып жайлы тұрдыңыз ба? — деді ол көзінің қиығын 
күйеуіне аударып. Ханымның бұлай деп сұрауының әзіл астары бар еді. Өткен түн 
хан Ақжол бидің кіші қарындасы Жанбике арудың ордасына түнеп шыққан. 
Жанбикені Жәнібек былтыр алған. Оның жас иістігі есіне түсіп, хан кейде 
әйелдерінің кезегін бұзатын. Жас тоқалының ордасында өзге әйелдерінің үйінен 
гөрі жиірек болатын. Өткен түн кезегі Жағандікі еді. Жәнібек өзге әйелдеріне 
істеген тұрақсыздығын бұған әлі істеп көрмеген-ді. Намысқой Жаған күйеуінің 
сол қылығына қарай, бұл сөзді әдейі тигізіп айтып отыр. Ол қабағын да шытпай 
күлімсіреген қалпында сөзін жалғай түсті. 
— Жанбике тоқал өзгемізден гөрі төсекті жұмсақ төсей біледі дейді ғой. 
Бүкіл Дәшті Қыпшақтың жиырма сегіз басты руының басын қосамын деп 
талпынған Жәнібек хан, ешуақытта да жеті қатынын тату-тәтті ұстаймын деп 
ойлаған емес. Жиырма сегіз руға әлі жеткенмен, жеті қатынына әлі жетпейтінін ол 
жақсы білетін. Өйткені әр қатынының дауы бір тайпы елдің дауынан кем 
түспейтін. Солардың ішінде мұндай ошақ басы жанжалға араласа қоймайтыны 
осы Жаған еді. «Бұ да кірісе бастаған екен» деді ол ішінен. Қазір оған қандай 
жауап берсе де, қыңыр сөзге душар болады. Бәрібір жеңе алмайсың. Қатынның 
аты қатын, басы алтын, арты күміс болса да, өз дегенінен шыға алмайды. Ал 
қатынның кішкентай өзімдік жан дүниесі бүкіл әлемге бергісіз. Одан да үндемей 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
161 
құтылайын деді Жәнібек. Осындай ойдағы хан Жағанның көңілін бөтен сөзге 
аударғысы келгендей, бәйбішесі ұсынған алтын кесені алып жатып: 
— Қасымды шақыртшы, — деді сөйлесетін сөз бар... 
Жаған көзін ойнақшыта қарады. 
— Хасан атекесін де шақыртайын ба, үнемі бірге жүреді? 
Жағанның бұнысы да әлгі қыңыр сөздің жалғасы. 
Жәнібектің жүрегін мысық тырнап алғандай ашып кетті, сөйтсе де сыр бермей: 
— Шақырт, — деді. 
Жаған түрегеліп, талдырмаш мықынын ырғалта, сұлу денесін ойната, аяғын 
былқ-сылқ басып барып есікті ашты. 
— әбен! — деді сырттағы нөкеріне дауыстап. — Қасымжан мен атекесі 
Хасенді шақыртшы! Хан әкесі сөйлесем дейді. 
«әйелдің аты әйел, — деді тағы да Жәнібек ішінен ойлап, Жағанның есікті 
қалай барып ашқанына сүйсіне, — қашан да болса еркектің көзіне ұнамды жерін 
түсіргісі келіп тұрады». 
Жаған орнына келіп отырғаннан кейін Жәнібек босаған алтын кесесін 
ұсынды. 
— Қымызың балдан тәтті екен, тағы да құйшы. 
Жаған жадырап сала берді. 
— Сабасын Керейлерше ыстатқам. Әдейі өзіңе арнап... 
Жәнібек риза боп күлімсіреді. 
— Менің бабымды өзің ғана табасың... 
Осымен арадағы кірбің бітті. Енді олар бір-біріне жадырай қарасты. Осы 
уақытта үйге Қасым кірді. Сәлем беріп, әкесінің оң жағына барып отырды. 
Жәнібек баласына көз қиығын аударды да, Жағанға қарады. «Айнымаған шешесі 
тәрізді. Тек мұрны мен иегі, қоюланып өсіп қалған мұрты да өзімдікі». 
— әкең атекеңмен бірге келсін деп еді ғой, — деді Жаған баласына алтын 
кесеге қымыз құйып беріп жатып, — Хасен қайда? 
— Екі аптадай болып қалды-ау деймін, қайын-жұртына кеткен. 
— ә-ә! 
Жәнібек мырс етіп күліп жіберді. «Жаңа Қасымды атекесімен жұбын 
жазбайды» деп, Хасенді де шақыртқанда, әдейі менің жаныма тисін дегені екен 
ғой. Өткен түннің өшін менен осылай алмағанда қалай алсын, бейшара... 
Намысына тиген ерін шымшыған түрі де... Жоқ, жоқ, Хасеннің қайда жүргенін де 
білмейді. Демек, бұның онымен еш байланысы болмаса керек-ті... 
— Көке, мені жай шақырттыңыз ба? — деді Қасым әкесінің ойын бөліп. 
— Жай емес, Қасым жігіт, — Жәнібек қолындағы кесесін жерге қойды, — үйді 
дауыл кезінде емес, бұрын тігеді, ақылдасатын жай бар... 
— Дұрыс айтасың, көке. Кигіз жамылған су болмас, ақылдасқан жөн... 
— Өзің де байқап жүрген шығарсың, бір қияпат айқас таяп келеді. Бұны қазір 
қайта күшейе түскен Көк Орда, Моғолстан дайындығынан аңғаруға болады. 
Бүгінгі күні біз де осал емеспіз. Осының бәрі арамыздағы көптен бері келе жатқан 
жанжалдың үлкен жанжалсыз бітпейтінін көрсетеді. 
— Дұрыс айтасыз, хан ием. Күз келері көктемнен мәлім, Көк Ордадан іргеңді 
бөлек салғаннан-ақ, түбі бір ұлы айқастың болары хақ ғой. 
— Бірақ бұл айқас тек Көк Орда жағынан ғана көрініп тұрған жоқ тәрізді. 
Батысың да, шығысың да қауіпті. Батысыңнан сенің жеріңе көзін тіккен Қазан, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет