Алмастырылмайтын аминқышқылды алу биотехнологиясы


Қоректік ортаны заласыздандыру және дайындау



бет3/4
Дата24.12.2023
өлшемі0,68 Mb.
#143181
1   2   3   4
Қоректік ортаны заласыздандыру және дайындау
Лизин продуцентін өсіруге арналған қоректік орта залалсыздаумен дайындалады немесе басқада өсіретін заттар бар, культураның өсу көзі ретінде қоректік ортада мелассадан тұратын, жүгері экстракты немесе басқа өсуге арналған зат бор қолданылады. Көміртегінің негізгі көзі ретінде – меласса құрамында термолабильдік компонент сахароза болады, сондықтан оны жеке бөлек залалсыздайды. Мелассаны реакторға салып, араластырып тұрып, 80°С температураға дейін қыздырады да, қантты қажет концентрацияға дейін сумен араластырады.Алынған меласса ерітіндісін 120-122°С температураға дейін арнаулы аппаратта бумен тез қыздырып және осы температурада белгілі бір уақытқа дейін ұстайды.
Лизин продуцентін өсіру үшін меласса, жүгері экстракты құрамы қолданылады. Қалған компоненттерді араластырып, қыздырып тұратын және араластырғышы бар реакторда ерітеді, содан соң залалсыздау температурасына дейін арнаулы аппаратта қыздырады да белгілі бір уақытқа дейін ұстап суытады. Көбік сөндіргіш көбінесе бөлек залалсызданады, бірақ басқа қоректік орта қатаң режимде залалсызданады. Ауаны залалсыздаудың сызба нұсқасы бойынша залалсыздау режимінде орындайды. Аппаратура мен коммуникация өткір бумен қысымда, 135-140°С температурада залалсызданады. “Мұздай” залалсыздау әдісін де қолдануға болады, онда бактерицидтік газ (этилен) және химиялық реагент ерітінділері (формалин, хлорлы қосылыстар және т.б.) қолданылады. Мұздай залалсыздаудан соң химиялық реагенттердің қалдықтарын залалсызданған сумен жуады.
ФЕРМЕНТАЦИЯ
Лизин продуцентін өндірісте культивирлеу процесі көлемі 50 және 100м3 болатын ферментерде периодтық әдіспен жүргізіледі. Ферментер залалсызданған қоректік ортамен толтырылады.
Ферментерге қоректік ортаның көлемінен 5-6% мөлшерде егіс материалы залалсызданған тізбегі бойынша келіп түседі. Ферментерді толтыру коэфиценті 0,75 құрайды. Егілгеннен кейін, тез арада ферментерге залалсызданған ауа беріледі. Ауа 50°С температураға дейін қыздырлады және есеп бойынша бір көлемде ауа, бір көлемде қоректік орта бір минутта 0,12-0,13 МПа қысымда беріледі.
Ферментация процесі 48-72 сағат бойы араластыру және аэрациялау процесі бойынша 29-30°С температурада жүргізеді. Периодты түрде көбік сөндіргіш беріледі, ал қоректік ортаға рН-тың мәні қалыпты болуы үшін белгілі бір уақыт аралығында 25% аммиакты немесе 15% күйдіргіш натрий ерітіндісін қосып отырады. Ферментация процесі 58-72 сағаттан кейін аяқталады, сосын культуральды сұйықтықты дайын өнімді бөліп алуға жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет