Лизин алу өндірісі Лизин (α,ε - диаминокапрон қышқылы) С6Н14N2O2 Екі оптикалық активті D және L- формасы белгілі. Адам және жануарлар организмінде лизин бірқатар маңызды биохимиялық функцияларды орындайды. Жасушадағы кальцийдің тасымалдануына және асқорыту ферментерінің секрециясына қатысады. Лизиннің микроорганизм-продуценті Гомосериндефицит мутанттар ауксотрофты бактериялар
Brevibacterium, Micrococcus, Corynebacterium және тағы басқа тұқымдары жатады.
Елімізде лизин продуценті ретінде Brevibacteriumтұқымының бактериялары қолданылады.
Лизин продуценті-ауксотрофты болғандықтан, биотин, тиамин, треонин және метионинді қажет етеді.
1.егіс материалын алу; 2.қоректік ортаны залалсыздандыру және дайындалу; 3.барлық аппаратура мен коммуникация үшін ауаны залалсыздау және дайындау; 4.ферментация; 5.дайын өнім – L- лизинді бөліп алу; Лизин алудың технологиялық процесі келесідей сатылардан тұрады: Егіс материалын дайындау Бастапқы культураны ет пептонды агар – агарда қатты қоректік ортасы бар пробиркаға егеді және тәулік бойы 29-30°С температурада өсіреді. Өскен культурадан микроорганизмдер суспензиясын алады. Оны аналық егіс материалы дайындалған колбаға залалсыздалған сұйық қоректік ортаға енгізеді де, тәулік бойы тербелмелі шайқағышта (180-200 айн/мин) 29-30°С температурада өсіреді. Аналық егіс материалы дайындалған колбадан алынған культураны егіс материалына арналған колбаларына қоректік ортаның көлемін 5% есеппен бір тәуліктік аналық культураны егеді.
Егіс материалына арналған колбалардағы культураны да шайқағышта тәулік бойы 30°С температурада өсіреді. Содан соң егіс материалын колбалардан инокуляторға ауыстырады. Инокуляторда культураны 29-30°С-температурада тәулік бойы аэрациялау және араластырумен өсіреді. Көбінесе егіс материалын алу үшін меласса (3-5%), жүгері экстракты 2,5-3% және ас тұзы бар қоректік орталар қолданылады. рН - 7-7,2 мәнін 20%-тік күйдіргіш натрий ерітіндісімен тұрақтандырады. Инокулятордағы культураның құрамы ферментациялық қоректік ортаға біршама жақын болуы керек.