1-қосымша
ІІІ Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы»
қашықтық олимпиадасының
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
1.1. Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже)
олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай –
Қашықтық
олимпиада);
1.2. Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже
qaztest.kz
сайтында
жарияланады;
1.3. Олимпиада
qaztest.kz сайтында 2022 жылдың
23 қараша мен 23 желтоқсан
аралығында өткізіледі;
1.4. Олимпиадаға колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатыса алады.
1.5. Олимпиада тапсырмалары А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
бойынша беріледі;
1.6. Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы, ерікті негізде жүзеге асырылады.
1.7. Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың
қатысуымен бейресми негізде
заңсыз алу жарамсыз боп танылады.
qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру»
батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады.
2. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
2.1. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау;
2.2. Мұғалімдердің теориялық білімін тексеру;
2.3. Республикамыздағы үздік Абайтанушы ұстаздарды марапаттау.
3. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:
3.1. Олимпиада бір кезеңнен, барлығы 25 тест тапсырмасынан тұрады.
3.2. Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет
қайталанбайды;
3.3. Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады.
Ең жоғарғы нәтижесі есепке
алынады;
3.4. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен
кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады және
нәтиже экран бетіне шығарылады;
3.5. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
3.6. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына
жіберіледі
және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: