52 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 келу, аспанға ушу, уйге жету, Баласы атын байлап қасына келгенде, жаңа байқады (Әуезов).
2. Мезгілдік. Мезгілдік мағынаны білдіре-
тін сөз тіркестері уақытты, мезгілді, шақты
меңзейтін есімдердің қозғалыс өрекетін
білдіретін есімдермен тіркесуі арқылы жаса-
лады. Мысалы: ертеңіне келу, сағат беске бару, т‰ске жету, К‰ттіре-к‰ттіре ертеңіне келгені (Шашкин).
Мақсаттық. Мақсаттық мағынаны білдіре-
тін сөз тіркестері у және мақ тұлғалы қимыл
есімдердің, кейде зат есімдердің қозғалыс
мәңді етістіктермен тіркесуі арқылы жаса-
лады. Оқуға бару, көмекке келу, қаралуға кету. Жылы киім жоқ, ауылда қалғанжігіт- тер жаяу-жалпылай көмекке ж‰гіріп кетіпті (Нұрпейісов) [73].
Аталған септік жалғаулардың синтаксистік
қызметі, негізінде, етістіктердің лексикалық
мағыналарымен байланысты болады да, сөз
тіркесінің бағыныңқы сыңарына септік жал-
ғауы басыңқы сөздердің ыңғайына қарай жал-
ғанады.
Газет бетіндегі тақырыптарда меңгеріле
байланысқан етістікті сөз тіркестері көп кез-
деспейді. Ал біздің қолымыздағы тілдік мате-
риалдардан біз тек көп кездестіретініміз кө-
мектес септігі болды. Дегенмен де басқа сеп-
тік жалғаулы тіркестер де бірен-саран ұшыра-
сады. Мысалы: Ақынмен кездесу (Қазақ әде-
биеті, 2003), Тағдырмен кездесу (Егемен қа-
зақстан, 2004), Елшімен кездесу (Егемен Қа-
зақстан, 2004), т.б.
Газет беттеріндегі тақырыптарда кездесе-
тін меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркес-
тері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай былай
бөлінеді:
1. барыс жалғаулы сөз тіркестері;
2. шығыс жалғаулы сөз тіркестері;
3. жатыс жалғаулы сөз тіркестері.
Барыс жалғаулы сөз тіркестері. Демократияға қадам (Ана тілі, 2005),
Достыққа дәнекер (Ана тілі, 2004), Ұлылыққа тағзым (Қазақ әдебиеті, 2005). Табыс жалғаулы сөз тіркестері: Бізде қо- нақта (Ана тілі, 2005). Шығыс жалғаулы сөз тіркестері: Шығыс
септігінің қалыптасу тарихы жайында т‰ркі
тіліңде әр т‰рлі көзқарастар бар. Алайда шы-
ғыс септігін жатыс септігінің негізінде қа-
лыптасты дейтін пікір басым. Шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің басың-
қы сыңарларында етістіктер де, есімдер де
жұмсалады, бірақ етістіктердің қолданылуы
есімдермен салыстырғанда әлдеқайда мол.
Бұл ерекшелік меңгерудің ең алдымен етіс-
тіктерге жөн екеңдігін қуаттайды. Демек, сөз-
дер бірімен-бірі ретсіз тіркесе бермейді, олар
тек мағыналық тұрғыдан жақын, орайлас бол-
ғаңда ғана тіркеседі. Мәселен, безу деген етіс-
тік тек шығыс жалғаулы сөздерді меңгерсе
(дуниеден, емірден безу), жақындау етістігі
тек барыс жалғаулы сөздерді меңгереді (қа- лаға, елге жақындау). Бірақ бұған қарап шы-
ғыс жалғаулы сөздерді меңгеретін етістіктер
өзге септік жалғаулы сөздерді меңгермейді де-
ген қорытынды шығаруға болмайды. Мәселен,
қозғалыс әрекетін білдіретін кет, шық, тус, қайт т.б. етістіктерді алатын болсақ, бұлар
шығыс жалғауынан тыс барыс және кемектес
жалғаулы сөздерді де меңгереді. Бұл қасиет
етістіктердің мағыналық жағынан алуан т‰рлі-
лігімен тікелей байланысты. Ж‰зден ж‰йрік (Айқын апта, 2004), Ақ жолдан айнымай...
(Ана тілі, 2005), Өткеннен өнеге (Қазақ әде-
биеті, 2006).
Қорыта айтқанда меңгеріле байланысқан
есімді сөз тіркестерінің табыс, көмектес жал-
ғаулы т‰рі газет беттеріндегі тақырыптарда
кездеспеді. _____________
1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Син-
таксис. – Алматы: Мектеп, 1971. - 337 б. 2. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі: Оқу-
лық. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 199 б.
3. Қазақ грамматикасы: Фонетика. Сөзжасам. Морфо-
логия. Синтаксис / Жауапты ред. Е. Жанпейісов. – Астана,
2002. – 784 б.