356 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
райына азды-көпті ерекшелік енгізеді. Мысалы,
Банан жапырағының әр сласында үлкен-үлкен
банан жемістері өседі (М. Әуезов).
Ұзын-ұзын
сарайлар, кең-кең қоралар көрінеді (С. Мұқанов).
Бұл сөйлемдердегі үлкен-үлкен банан, ұзын-
ұзын сарайлар, кең-кең қоралар деген тіркес-
тердегі қайталанған
сын есімдер бір жағынан
өздері анықтайтын заттардың көптігін білдірсе,
екіншіден сол заттардың бәрі де (я ол заттардың
әрқайсысы да) бір сипатты,
бір реңкті,бір са-
палы екенін білдіреді.
Сонымен қатар, қайталанған сын есім анық-
тауыш болғанда, анықталатын зат есімге көптік
жалғауы жалғанбаса да оның көп екені білінеді.
Бірақ әдетте, көптік жалғауының жалғанып тұр-
ғаны дұрыс. Ал, анықтауыш қосарланған сын
есім емес жалаң сын есім болғанда көптік мағы-
нада қолданылуға тиісті
зат есімге көптік жал-
ғауы қайтсе де жалғануы шарт. Мысалы,
үлкен
үй және үлкен үйлер: үлкен-үлкен үй және үлкен-
үлкен үйлер.
Жалпы алғанда бір сөздің қайталануы ар-
қылы жасалатын күрделі есімдер күнделікті
өмірде кездесетін заттарда я басқа құбылыс-
тарда және олардың әр түрлі
қарым-қатынаста-
рында болатын көбею, топталу, есептеу, жік-
телу, саралану, бөліну,
жекелену сияқты жай
күйлерді көбейтіп топ-тобымен я бөліп жік-
жігімен я саралап сала-саласымен атап анықтап
білдіретін форма ретінде қызмет етеді. Қос
сөздердің бұл ерекшеліктері
олардың қосарлан-
ған формаларында әрқилы жалғау және басқа
қосымшалар жалғанып қолданғанда сөйлемде
өте жақсы айқындала түседі. Мысалы,
Олар
көше-көшені бойлатып,өзді-өзі сеңдей соғылы-
сып қалып жатыр (Ғ. Мүсірепов). Ботакөз үй-
үйдің арасымен келе жатты (С. Мұқанов).
Осындағы көше-көшені сөзі бір ғана көшені
емес бірнеше көшені және оның әрқайсын деген
семантикалық-грамматикалық мағынаны білдір-
се, үй-үйдің сөзі әр үйдің я барлық үйдің деген
сара ұғымды білдіреді.
* * *
В статье рассматривается лексико-грамматические особенности компонентов парных слов.
* * *
The article deals with the lexical and grammatical features of the components of paired words.