Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Туфәйл ибн Амр әд-дәусидің өз қауымын



Pdf көрінісі
бет101/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   349
Туфәйл ибн Амр әд-дәусидің өз қауымын 

исламға шақыруы

Мұхаммед  ибн  Ысхақ  былай  дейді:  «Пайғам-

барымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  өз  қауымынан  түрлі 

азап,  қастандықтар  көргеніне  қарамастан,  оларға 

шамасы  келгенше  жақсылық  жасап,  ақиқатқа 

шақыратын.  Аллаһ  Пайғамбарымыздың  мерейін 

Құрайыштан үстем етіп, абыройын асырды. Сол се-

бепті  Құрайыштар  елді,  Меккеге  сырттан  келген-

дерді  Пайғамбарымызбен  кездестірмеуге,  онымен 

сөйлестірмеуге барын салып бақты. Туфәйл ибн Амр 

әд-Дәусидің  айтуынша,  Меккеге  сапар  шеккенде, 

Аллаһ расулы (с.а.с.) да сонда еді. Ол беделді, ақылды, 

ақын  кісі  болатын.  Меккеге  келгенде,  Құрайыштың 

кейбір  адамдары  оған:  «Ей,  Туфәйл,  сен  бұл  жер-

ге  сырттан  келген  адамсың.  Өзін  пайғамбармын  деп 

жариялаған  мына  кісі  жағдайымызды  қиындатып 

жіберді,  қауымымызды  ыдыратты,  сөздері  сиқыр 

секілді. Баласын әкесінен, бауырды бауырынан, тіпті 

ерлі-зайыптылардың  өзін  бір-бірінен  суытуда.  Біздің 

басымызға  туған  күн  ертең  сенің  және  қауымыңның 

басына  да  туа  ма  деп  қорқамыз.  Айтарымыз,  кезі-

ге қалсаң, онымен сөйлеспе, сөздеріне мүлдем құлақ 

аспа», – дейді. 

Туфәйл  айтады:  «Мұны  қатты  шегелеп  айтқаны 

соншалық  –  мен  Мұхаммедпен  жолықпауға,  жолыға 

қалған  күнде  сөйлеспеуге  серт  бердім.  Тіпті,  Харам 

мешітіне  (Қағба  орналасқан  жер)  барғанымда,  оның 

сөздерін  тыңдамау  үшін,  құлағыма  мақта  да  тығып 

алатынмын. Бір күні Харам мешітіне бардым. Қарасам, 

Пайғамбар  Қағбаның  жанында  намаз  оқып  тұр  екен. 




187

Аллаһ пен расулына шақыру

Қасына  жақын  барып  тұрдым.  Демек,  Аллаһ  маған 

оның даусын естуді бұйыртқан ғой. Құлақ түрсем, сөзі 

құлағыма майдай жағып барады. «Мен ақылы жетік, 

ақын адаммын, сөздің асылын жасығынан айыра ала-

мын.  Мені  бұл  кісінің  сөзін  тыңдаудан  тыятын  не? 

Жақсы  нәрселер  айтса,  құптармын,  жаман  нәрселер 

айтса, құлақ аспаспын» деп ойлап, күтіп тұрдым. Со-

дан Аллаһ расулы үйіне кетпек болып, сыртқа шықты. 

Оның соңынан ердім. Табалдырығынан аттай берген-

де: «Уа, Мұхаммед! Қауымың маған осылай да осылай 

деді.  Сенің  істеп  жүрген  істерің  туралы  айтып,  мені 

қорқытқаны  соншалық  –  сөздеріңді  естімейін  деп, 

құлағымды  мақтамен  бітеп  те  алдым.  Бірақ  Аллаһ 

сенің сөздеріңді тыңдауды бұйыртса керек, сенен бір 

жақсы  сөз  естідім.  Қане,  маған  атқарып  жүрген  ісің 

туралы айтшы», – дедім.

Содан  соң  Аллаһ  расулы  (с.а.с.)  маған  Ислам 

туралы  айтып,  Құран  оқыды.  Расын  айту  керек,  сол 

кезге  дейін  одан  асқан  керемет,  даналыққа  толы 

сөзді  естімеген  едім.  Сол  жерде  мұсылман  болып, 

кәлима  шаһадатты  айттым  да,  «Уа,  Расулаллаһ,  мен 

қауымымның  ішіндегі  беделді  адамдардың  бірімін. 

Оларға  барып,  Исламға  шақырамын.  Мен  үшін 

Аллаһқа дұға ет, оларды Исламға шақырғанда, маған 

көмекші болатын бір белгі жаратсын», – дедім. 

Аллаһ  расулы:  «Аллаһ  тағалам!  Оған  бір  белгі 

бер», – деп дұға етті. 

Сөйтіп,  өз  еліме  қайтпақ  болып,  Меккеден 

шықтым. Ауылымыз көрінетіндей бір төбеге жеткен-

де, екі көзімнің ортасында шыраққа ұқсайтын бір нұр 

пайда  болды.  Мен:  «Аллаһ  тағалам,  бетімнен  басқа 




188

Сахабалар салған сара жол

жерде  болсын,  діндерін  тастағаным  үшін  қарғысқа 

ұшыраған  деп  ойлауынан  қорқамын»,  –  деп  тіледім. 

Әлгі нұр дереу қамшының басына барып қонақтады. 

Адамдардың  бәрі  қамшымның  ұшындағы  шырақ 

секілді нұрды көру үшін жиналды. Мен өз үйіме тарт-

тым. Үйге бас сұққанымда қарт әкем қасыма келді. 

«Әке, менен ары тұр, сен менің дінімнен емессің, 

мен сенің дініңнен емеспін», – дедім. Ол: «Неге?» – деп 

сұрағанда,  «Мұсылман  болдым,  Мұхаммедтің  дініне 

кірдім»,  –  дедім.  Әкем:  «Балам,  менің  дінім  −  сенің 

дінің»,  –  деп  ғұсыл  алып,  киімдерін  тазалады.  Оған 

Исламды түсіндірдім, ол мұсылман болды. Сосын жа-

ныма әйелім келді, оған да «Менен ары тұр, енді бір-

бірімізге жатпыз», – дедім. «Неге?» – деп сұрады ол. 

«Ислам бізді бір-бірімізден айырды», – дедім. Ойла-

нып жатпастан ол да мұсылман болды. Алайда Дәус 

қауымы  дінге  бейжайлық  танытты.  Кейін  Меккеге 

барып,  Пайғамбарымызға  қауымымның  селқостық 

танытқанын  айтып,  оларды  қарғауын  сұрадым.  Ал, 

Адамзаттың асылы (с.а.с.) керісінше: «Аллаһ тағалам! 

Дәус тайпасын тура жолға сала гөр!» – деп дұға етті де, 

маған қарап: «Сен қауымыңа барып, оларды Исламға 

шақыр, олармен жылы сөйлес», – деді. 

Мен қайтып оралып, оларды Исламға шақырумен 

болдым. Осы кезде Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 

Мәдинаға  көшкен  еді.  Арада  Бәдір,  Ұхұд,  Хандақ 



соғыстары  өтті.  Кейіннен  мен  қауымымнан  Исламға 

кірген жетпіс әлде сексен үйлі-ошарлы жанмен бірге 

Мәдинаға бардым. Біз Мәдинаға барған кезде, Аллаһ 

расулы Хайбарда болатын

169



169



 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/100


189

Аллаһ пен расулына шақыру

Әбул-Фәрәж  әл-Исфаханидің  риуаятында  мына-

дай айрықша мәліметтер кездеседі: «Туфәйл Меккеге 

келгенде, Құрайыштан көптеген адам оған пайғамбар 

туралы  айтып,  сынап  көруін  сұрайды.  Туфәйл 

Пайғамбарымыздың  жанына  барып,  өлеңдерінен 

оқиды. Аллаһ расулы «Ықылас», «Фалақ» және «Нас» 

сүрелерін оқиды. Сонда Туфәйл дереу мұсылман бо-

лып, еліне қайтады. 

Туфәйл ең әуелі ата-анасын Исламға шақырады. 

Әкесі мұсылман болады, бірақ анасы қабылдамайды. 

Қауымын Исламға шақырады. Тек Әбу Һұрайра (р.а.) 

ғана  қабылдайды.  Сосын  Туфәйл  Пайғамбарымызға 

барып: «Дәусті құртатындай құдіретің бар ма?» – деп 

қарғыс  айтуын  сұрайды.  Расулаллаһ  (с.а.с.)  оларға 

қарғыс  тілемейді,  керісінше,  игі  дұға  етеді.  Сонда 

Туфәйл:  «Мен  игі  дұға  сұраған  жоқ  едім»,  –  дейді. 

Аллаһ расулы: «Олардың ішінде сен сияқты көптеген 

адамдар бар», – дейді.

Жүндүб  ибн  Амр  әд-Дәуси  надандық  дәуірінде 

әрдайым  «Міндетті  түрде  ғаламның  бір  жаратушы-

сы  бар,  бірақ  кім  екенін  білмеймін»,  –  деп  айтып 

жүретін. 

Ол  Пайғамбарымыз  туралы  хабар  алғанда, 

қауымынан  жетпіс  адаммен  бірге  келіп,  барлығы 

мұсылмандықты  қабылдады.  Әбу  Һұрайра:  «Жүндүб 

Исламға кірген жолдастарын біртіндеп Аллаһ расулы-

на таныстырған болатын», – дейді

170



170



 Ибн Хажар, Фәтхул-бари 8/102 (4131)


190

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет