Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет109/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

204

Сахабалар салған сара жол

жердің  тұрғындары  тайлы-таяғымен  көшеге  шығады. 

Аяқта шәркей, қолда қамшы, иіні жүдеу, аяғын сүйрете 

басқан арық атқа қонжиған арабтардың мына сықпытын 

қомсынып:  «Бұлар  қалайша  жүрек  жұтып,  саны  көп, 

айбатты әскерге қарсы шығады?!» – деп таңданады. 

Мұсылмандар  тобы  патша  Йәздужәрдтің  алдына 

келеді. Патша оларға иек қағып, қарсы алдына отыруға 

әмір етеді. Йәздужәрд өте тәкаппар, дөрекі адам бола-

тын. Ол киімдерінің, аяқ киімдерінің, қамшыларының 

қалай аталатынын сұрай бастайды. Олардың берген әр 

жауабын  өзінше  іштей  жақсылыққа  жориды.  Алайда 

Аллаһ оның бұл оң жорамалын жүзеге асырмай таста-

ды. Патша: «Бұл елге не үшін келдіңдер? Біздің өзара 

қақтығысымыз  бен  арамыздағы  кейбір  келіспеушілік-

тер  ме  сендерді  желіктірген?»  –  деп  сұрайды.  Сонда 

Нұғман ибн Мұқаррин былай деп жауап береді: «Аллаһ 

бізге рақымын төгіп, пайғамбар жіберді. Ол бізді ізгілік-

ке шақырды, ненің жаман екенін айтып сақтандырды. 

Мұхаммедке  бағынатын  болсақ,  дүние  мен  ақырет 

жақсылықтарының  берілетінін  уәде  етті.  Қай  тайпа-

ны шақырса да, міндетті түрде олар екіге бөлініп, бірі 

жақындаса,  екінші  топ  одан  аулақ  болуға  тырысты. 

Ислам дініне тайпаның таңдаулы адамдары кірді. Со-

дан кейін Аллаһ Мұхаммедке өзіне қарсы келген ара-

бтармен күресуді, күресті алдымен арабтардың өзінен 

бастауды  бұйырды.  Ол  бұны  орындады.  Осы  себепті 

арабтар  екі  жағдайда  оның  қасынан  орын  алды.  Бір 

тобы өз қалауымен Исламға кірсе, екіншілер басқа ба-

рар жері, басар тауы қалмай, амалсыз кірді. Өз еркімен 

кіргендердің ынта-ықыласы артты. Бізге әкелген дінінің 

біз жасап жүрген қастықтан әлдеқайда қайырлы екенін 

түсіндік. Ол бізге әуелі жақын көрші халықтардан бас-



205

Аллаһ пен расулына шақыру

тап әділдікке шақыруды ұсынды. Біз сендерді дініміз-

ге шақырамыз. Бұл – Ислам діні. Ол – әсемдікті жақсы 

көретін,  жаманды  қаламайтын  дін.  Қабылдамасаңдар, 

соғысамыз, дінімізге кірсеңдер, сендерге Аллаһтың кіта-

бын беріп кетеміз, соның үкімдерімен өмір сүресіңдер, 

істеріңе  араласпаймыз.  Бізге  жизия  төлесеңдер,  оны 

қабылдап,  сендерді  қорғаймыз,  әйтпесе  сендермен 

соғысамыз». 

Йәздүжәрд:  «Жер  бетінде  сендерден  жабайы, 

азғындаған, 

бір-бірімен 

сыйыспайтын, 

қыңыр 


қауым  кездестірмедім.  Осыған  дейін  ен  жазықты 

жайлаған  ауылдарды  сендерге  берген  едік.  Парсы-

лар  сендермен  соғыспайтын,  сендер  де  оларға  қарсы 

бас  көтермейтінсіңдер.  Сандарыңның  көбейгеніне 

есірмеңдер. Егер күнкөріс қамы үшін осында келсеңдер, 

молшылыққа  жарығанға  дейін  сендерге  азық  беріп, 

қадірлі  адамдарыңды  сый-сияпатқа  бөлеп,  бәріңді 

бастан-аяқ киіндіреміз. Сендерге жақсы қарайтын пат-

ша да тағайындап береміз», – дейді. 

Мұсылман  елшілері  бірауық  үнсіз  қалады. 

Мұғира ибн Шұғба орнынан тұрып: «Ей, патша! Мына 

көріп  тұрған  адамдарың  –  арабтардың  беделді,  зия-

лы,  текті  адамдары.  Тектілер  тектілерден  ұялады,  игі 

жақсылардың  қадірін  игі  жақсылар  біледі.  Қадірлі 

тұлғалардың  құқығын  тек  зиялылар  ғана  қорғайды. 

Олар  не  үшін  жіберілгендіктерін  саған  толық 

түсіндірген  жоқ,  барлық  сауалыңа  жауап  бермеді  де. 

Бұлай  істегені  дұрыс  та.  Оларға  тек  осындай  әрекет 

қана жарасады. Менен сұра, саған шындықты мен жет-

кізейін, ал олар куә болсын. Сен бізге өзіңше ат қойып, 

айдар  тақтың,  негізінде,  сен  оларды  білмейсің.  Біздің 

жағдайымыздың  өте  нашар  екенін  айттың,  мұның 




206

Сахабалар салған сара жол

дұрыс.  Бізден  жағдайы  нашар  адам  жоқ  болатын. 

Аштыққа ұшырап, бақа-шаян жеп, қоңыз теріп кеттік. 

Күй  талғамай  өмір  сүрдік,  кигеніміз  түйенің,  қойдың 

жүнінен тоқылған киім болды. Ал наным-сеніміміз бір-

бірімізді  өлтіру,  зұлымдық  пен  қастандық  жасаудан 

ары асқан емес. Тамаққа ортақ болмасын деп, туылған 

қыз баланы тірідей жерге көметінбіз. Міне, біз бұрын 

осындай болатынбыз. Сосын Аллаһ бізге ел жақсы та-

нитын  бір  адамды  пайғамбар  етіп  жіберді.  Біз  оның 

шыққан тегін, кісілігін жақсы білетінбіз. Ол ең жақсы 

жерден, ең беделді рудан шықты. Үйі ең жақсы үй, тай-

пасы ең абыройлы тайпа еді. Пайғамбар болмай тұрып-

ақ арамыздағы ең турашыл, ең мейірбан жан болатын. 

Бізді дініне алғаш шақырғанда, досы әрі өзінен кейін 

халифа болған Әбу Бәкірден басқа ешкім қабылдамады. 

Шындықты  айтып  шырылдаса  да,  біз  оның  сөздерін 

өтірікке  балап,  қарсы  шықтық.  Бірақ  мұсылмандар 

қатары  күн  сайын  көбейіп,  ал  біз  оталған  ормандай 

азая бердік. Бізге бұйырғаны Аллаһтың әмірлері бола-

тын. Ол бізге Раббымыздың былай бұйырғанын айтты: 

«Мен  Аллаһпын.  Теңім,  теңдесім  жоқ.  Еш  нәрсе  жоқ 

кезде, мен бар болатынмын. Менен басқа барлық нәрсе 

жоқ болады. Барлық болмысты мен жараттым. Барлық 

нәрсе маған жетіп отырады. Рақымдылығым сендерге 

жетті.  Өлімнен  кейін  азабымнан  құтқаратын  жол-

ды  көрсету,  сендерді  өз  үйім  болған  ізгілік  мекеніне 

шақыру үшін сендерге осы адамды жібердім! Біз оның 

Хақ құзырынан ақиқатты әкелгеніне куәлік етеміз. Хақ 

тағала  бізге  ескерту  үшін  пайғамбардың  аузына  мы-

надай  сөз  салды:  «Бұл  істе  кім  сендерге  мойынсұнса, 

сендерге  тиген  пайда  оған  да  тиеді,  зиян  да  сондай. 

Қабылдамағандарға  жизия  төлеуді  ұсынып,  оларды 



207

Аллаһ пен расулына шақыру

өз  қамқорлықтарыңа  алыңдар.  Жизия  төлегісі  келме-

гендермен соғысыңдар, араларыңдағы төреші менмін. 

Сендерден қайтыс болғандарды жұмаққа саламын, тірі 

қалғандарыңа дұшпанды жеңуге көмектесемін».

Муғира сосын аз-кем тынысын алып: «Сол себеп-

ті екі жолдың бірін таңдайсың. Не жизия, не қылыш. 

Қаласаң  Исламға  кір,  өміріңді  сақтап  қал»,  –  деді. 

Йәздужәрд: «Бұларды сен маған айтып тұрсың ба?» – 

деп  сұрады.  Муғира:  «Менімен  кім  сөйлесіп  отырса, 

соған айттым, егер менімен басқа адам сөйлессе, саған 

бұларды айтпас едім», – деді. Йәздужәрд: «Елшілерге 

қол  көтеру  салтымызда  жоқ,  әйтпегенде  сендерді  та-

бан астында өлтіртіп тастар едім. Менің сендерге берер 

ештеңем жоқ», – деді де, нөкерлеріне: «Бір қап топырақ 

әкеліп, мыналардың ең құрметті адамына арқалатыңдар, 

Мәдаиннен  шыққанша,  көше-көшемен  арқалап 

жүрсін»,  –  деді.  Мұсылмандарға:  «Қолбасшыларыңа 

барып айтыңдар, оған Рүстемді жіберемін, оны да, сен-

дерді  де  Қадисияда  жер  құштырып,  жазаға  тартсын. 

Сосын Рүстемді елдеріңе жіберемін, Кисра Сабурдың 

жасағанынан  да  ауыр  азап  көрсетсін,  сендерді  бір-

біріңе  айдап  салып  арандатсын»,  –  деді.  Сөйтті  де 

«Ең қадірлілерің кім?» – деп сұрады. Ешкім үндемеді. 

Тек Асым ибн Амр (р.а.): «Менмін, топырақты маған 

артыңдар»,  –  деді.  Йәздужәрд:  «Айтқаны  рас  па?  Ең 

қадірлілерің осы адам ба?» – деп қайта сұрады. Олар: 

«Иә», – деп жауап берді.

Асым топырақты арқалап, үй-үйдің арасымен жүріп 

отырып, көлігіне апарып артады. Жолға шығады. Асым 

жолдастарынан  озып,  Қудәйс  қақпасынан  өткеннен 

кейін:  «Қолбасшымыздан  сүйінші  сұраңдар.  Аллаһ 

жазса, жеңіс бізде болады!» – дейді. 



208

Сахабалар салған сара жол

Топырақты араб жеріне төгеді. Сосын кері қайтып, 

бас  қолбасшы  Сағыд  ибн  Әбу  Уаққасқа  (р.а.)  барып, 

жағдайды  айтты:  «Қуанышты  хабар!  Аллаһ  олардың 

мүлкінің кілтін бізге берді». 

  Ислам  әскері  Йәздужәрдтің  Асымға  арқалатқан 

топырағын жақсылыққа жорып, оны көп өтпей сол елді 

азат етудің бір белгісі деп есептейді»

178

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет