осман ибн Аффанның қиындықтарға
мойымауы
Мұхаммед ибн Ибраһим жеткізеді: «Осман ибн
Аффан
(р.а.)
Исламға кіргенде, көкесі Хакам ибн Әбул-
Ас Османға кәрін төгіп, қыл арқанмен матап: «Ата-
бабаңнан қалған сеніміңді тәрк етіп, сатқындыққа
бардың. Уаллаһи, мына дініңнен бас тартпайыңша, сені
босатпаймын», – дейді. Құлдия төнген құз жартасқа
қарамай, тұңғиыққа құлаш ұрған Осман (р.а.): «Аллаһқа
ант етемін, бұл діннен бас тартпаймын, Мұхаммедтен
де айырылмаймын», – дейді теңізге батқан тастай
табандылық танытып.
Көкесі Османның алған бетінен қайтпайтынын, өз
әрекетінен еш нәтиже шықпайтынын түсінгеннен кейін,
оны амалсыз босатады
236
.
Достарыңызбен бөлісу: |