261
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
Омардың аузынан осы сөз шығуы мұң екен, Жәмил
құбыжық көргендей бірден құтылғанша асық боп сыртқа
атып шықты. Біз оның артынан аңырайып, қарадық та
қалдық. Ол ешқайда бұрылмай, Харам мешітіне тартты.
Қағба маңында ерігіп отырған Құрайыштарға бар дау-
сымен: «Ей, жарандар! Хаттабтың баласы Омар дінінен
шығыпты»! – деп алқына айғай салды.
Оның соңынан іле-шала біз де кідірмей Қағбаға
жеттік. Ол ауыз жиып болғанша, Омар (р.а.): «Ол
өтірік айтады. Мен мұсылман болдым, Аллаһтан басқа
тәңір жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың расулы
екеніне иман келтірдім», – деген кезде, қаны қарайған
мүшріктер Омарға ұмыр-жұмыр жабыла кетті. Омар
(р.а.) олармен күн төбеге жеткенше алысты. Соңында
Омар (р.а.) шаршап барып отырды. Құрайыштардың
да тайсақтап, тарқай қоятын түрі көрінбейді. Омар
оларға: «Ойларыңа келгенін істеңдер. Аллаһқа ант
етемін, егер біздің қатарымыз үш жүздің ар жақ, бер
жағында болғанда, тап осы жерге аттап басқызбас
едік», – дейді.
Олар осылай бір-біріне жеңсік бермей, сөз
қағыстырып тұрғанда үстінде йеменше әдіптелген ша-
паны бар, көйлегі де әдемі, жасы бірталайға кеп қалған
Құрайыштың бір шалы шыға келді. Келді де: «Не бо-
лып жатыр?» – деп сұрады. «Омар діннен шығыпты»,
– дейді жиналғандар. Шал: «Жайына қалдырғандарың
жөн оны. Омар өз таңдауын жасапты. Енді оған не
істемекшісіңдер? Адыйұлдары өз адамдарын осылайша
сендерге оңайлықпен беріп қоя салады деп ойлайсыңдар
ма? Оны жіберіңдер, кете берсін», – дейді. Мүшріктер
Құрайыштық егде адамнаң тілін алып, жөніне тарайды.
Мәдинаға һижрет етіп, өрісіміз кеңейіп, тынысымыз
262
Сахабалар салған сара жол
кеңіп қалғандай болды. «Әке! Сен мұсылман болған
күні Меккедегі халықты таратқан сол адам кім еді?»
деп сұрағанымда, «Балам, ол Ас ибн Уаил әс-Сәхми бо-
латын» – деді
235
.
Достарыңызбен бөлісу: