285
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
Ибн Бужәйр
(р.а.)
айтады: «Бірде Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
аштықтан қарнына тас байлап алған екен, бізге
былай деді: «Сөзімді мұқият тыңдаңдар. Дүниеде іш-
кені алдында, ішпегені артында талай адам бар, олар
қиямет күні аш, жалаңаш қалады. Жақсылап тыңдаңдар.
Талай адам ішіп-жегеніне мәз, тәнқұмарлығын күйттеп,
өзімді жарылқадым деп ойлайды, шын мәнінде, олар
өздеріне өздері қиянат жасап жүргенін білмейді. Ал
нәпсінің айтқанына жүріп, айдауына көнбегендер түбі
жақсылыққа кенеледі»
274
.
Айша
(р.а.)
анамыз Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірден
өткеннен кейін тоқшылық орнап, тоғышарлық белең
алғанын айтады: «Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
арамыздан
кеткеннен кейін, оның үмбетінің арасында байқалған
алғашқы нәубет ит басына іркіт төгілген ас та төк
молшылық болды. Мұсылмандардың қарны тоқ, көйлегі
көк, уайымсыз-қайғысыз өмірден бар есіл-дерті дүниеге
ауып, күннен-күнге көздеріне шел бітіп, жақсылық пен
жамандықты айырудан қалды»
275
.
Достарыңызбен бөлісу: