Пайғамбарымыздың шаңырағында бірне-
ше күн қатарынан қазан асылмайтын
Уруа
(р.а.)
нағашы әпкесі Айшаның
(р.а.)
былай де-
генін жеткізеді: «Уаллаһи, жиенім, біз жаңа туған айды
үсті-үстіне үш рет көретінбіз, осылайша екі айда үш
рет жаңа туған айды көрсек те, Пайғамбарымыздың
жарларының ешбірінің үйінде қазан асылмайтын».
Мен: «Әпке, сонда қалай өмір сүрдіңдер?» – деп таңдана
сұрағанымда, Айша: «Екі қара, яғни құрма мен суды
қанағат тұттық. Ансар көршілер бар болатын. Олар
Аллаһ расулына қойдың сүтін беріп жіберетін. Аллаһ
елшісі сол сүттен бізге де ауыз тигізетін», – деп жауап
берді
262
.
Мәсрук айтады: «Бір күні Айшаға
(р.а.)
барып
жолықтым. Маған тамақ алдыртып: «Тоя тамақтансам,
көзіме жас келеді», – деді. «Неге?» – деп сұрағанымда,
«Сол сәтте Пайғамбарымыздың
(с.а.с.)
дүниеден өтер
кезі есіме түседі. Уаллаһи, ол бір күнде нан мен етті
қатар жеп, тоя тамақтанған емес», – деді
263
.
Айша
(р.а.)
айтады: «Мұхаммедтің
(с.а.с.)
отбасы ол
дүниеден озар алдында екі күн қатарынан арпа наны-
мен ғана жүрек жалғады».
Айша (р.а.) анамыз әңгімесін былайша сабақтаған:
«Пайғамбар
(с.а.с.
) екі қара деп атаған құрма мен суға да
жарымай ашқұрсақ дүниеден озды»
264
.
Айша анамыздың (р.а.) айтуынша, Аллаһ ра-
сулы
(с.а.с.)
қатарынан үш күн тоя тамақтанбай, аш
құрсақ жүретін. Соған қарамай, Аллаһ елшісі қашан да
262
Бұхари, Сахих 2/ 907 (2428)
263
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 1/401
264
Тирмизи, Сүнән 4/579 (2356)
283
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
өзгелердің қамын көбірек ойлап, өзінен де, отбасынан
да артық көретін
265
.
Достарыңызбен бөлісу: |