37
Аллаһ пен расулына шақыру
лап жібереді. Аллаһтың расулы қызынан мұның мәнісін
сұрағанда, Фатима: «Уа, Расулаллаһ! Реңің солып,
киімдерің ескіріп кетіпті», – дейді өксігін баса алмай.
Ардақты елші (с.а.с.) «Қызым, жылама. Аллаһ
әкеңді ұлық міндетпен жіберді, бұл дін жер бетіне тұтас
тарайды. Ислам арқылы иман келтіргендер қадірлі
адамдардың қатарына кіреді, ал қарсы шыққандар
масқара болады», – дейді
65
.
Сахабалардың бірі Тәмим әд-Дари: «Сенгендердің
қадірлі, ал сенбегендердің масқарасы шығатынын
мен өзімнің туыстарымнан байқадым. Олардың ішін-
де Ислам дінін қабылдағандарының мерейі шалқып,
жақсылыққа кенелді, зор құрметке қол жеткізді. Ал
қасарысып күпірліктен қайтпағандардың масқарасы
шығып, жизия салығын төлеуге мәжбүр болды»
66
, –
деген.
Достарыңызбен бөлісу: