Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет20/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   349
2. РАСулАллАһТың иСлАМғА 

шАҚыРуыМЕн МұСылМАн болғАндАР

 Әбу бәкірдің (р.а.) мұсылман болуы

Айша  (р.анһа)  былай  дейді:  «Бір  күні  әкем  Әбу 

Бәкір (р.а.) үйден шықты. Аллаһтың елшісіне кеткендігі 

белгілі еді. Екеуі бұрыннан бір-бірімен сырлас достар 

болатын, бір-бірін жақын танитын. Әбу Бәкір жолдасы-

на: «Әбулқасым, қауымыңның жиынына қатыспайтын 

болдың,  сенің  жоқтығың  әрқашан  байқалып  жүр. 

Халық сені аталарымызды айыптайды деп кінәлауда», 

–  дейді.  Хазірет  Мұхаммед 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

:  «Мен 

65

  әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/506 (1448)



66

  Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 4/103 (16998)




38

Сахабалар салған сара жол

Аллаһтың расулымын. Сені бір Аллаһқа иман келтіруге 

шақырамын», – дейді.

Ол  сөзін  бітірер-бітірмес,  әкем  ойланып  жат-

пастан,  дереу  мұсылмандықты  қабылдайды.  Бұған 

Расулаллаһтың қуанғаны соншалық – сол күні Меккеде 

одан бақытты ешкім жоқтай еді. 

Пайғамбарымыз бірде: «Кімді Исламға шақырсам 

да,  міндетті  түрде  сәл  кідіріп,  алдымен  ойланатын. 

Алайда  Әбу  Бәкір  олай  еткен  жоқ»,  –  дейді.  Тіпті 

Расулаллаһ Әбу Бәкірдің бір сәт кідірместен иман кел-

тіргенін  жоғары  бағалап,  бір  күні:  «Аллаһ  мені  сен-

дерге пайғамбар етіп жіберді. Мен осыны айтқанымда, 

барлығың  мені  өтірікші  санап  едіңдер.  Ал  Әбу  Бәкір 

болса,  «Сенің  айтқаның  шындық»  деп  бірден  иман 

келтіріп,  малын  да,  жанын  да  аямай,  маған  жан-

жақты көмек берді. Бұдан былай менің осы досымды 

ренжітпеңдер, жарай ма?» – деп екі қайтара, алдымен, 

қасындағыларға, сосын барша үмбетіне ескертеді

67

.



Әбу Бәкір (р.а.) Османға, Талха ибн Ұбайдуллаһқа, 

Зүбәйр ибн Әууам мен Сағыд ибн Әбу Уаққасқа (р.а.) 

барып,  болған  жайды  айтады.  Олар  да  дереу  Ислам 

дінін  қабылдайды.  Ертеңіне  Осман  ибн  Мазғун,  Әбу 

Убайда  ибн  Жаррах,  Абдуррахман  ибн  Ауф,  Әбу 

Сәләма ибн Абдуләсәд, Әрқам ибн Әбул-Әрқам да (р.а.) 

мұсылмандықты қабылдайды

68

.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет