2. ПАйғАМбАРыМыЗ дүниЕдЕн
оЗғАннАн КЕйІн САхАбАлАРдың
хАлиФАлыҚ ТуРАСындАғы
ұСТАныМдАРы
Сахабалардың Әбу бәкірдің халифалығын
қостауы
Уруа ибн Зубәйрден
(р.а.)
риуаят етілген:
«Пайғамбарымыз дүниеден озғаннан кейін, Әбу Бәкір
Сүнхтегі (Мәдина маңындағы Әуали деген аймақ)
үйінен шығып, Мәдинаға тартады. Қалаға жеткенде,
мешіттің алдына атын доғарады. Өзі қамығулы. Қызы
Айшадан бөлмеге кіруге рұқсат сұрайды. Ішке кірген-
де расулаллаһтың төрде жатқан жансыз денесін көреді.
Қасына әйелдері жиналып қайғырып отыр екен. Әбу
Бәкір Аллаһ расулының бетіндегі жабуды ашып, ті-
зерлеп отырып, көзінің жасы сорғалаған күйі, еңкейіп
қақ маңдайынан сүйеді де, «Омардың айтқандары – бос
сөз. Аллаһ расулы қайтыс болыпты. Рухымды уысын-
да ұстаған Аллаһқа ант етемін, қайтыс болыпты. Уа,
расулаллаһ, саған Аллаһтың рақымы жаусын!» – дей-
ді. Сосын расулаллаһтың бетін жауып, мешітке бет-
тейді. Ешқайда мойын бұрмастан, тіп-тіке мінберге
барады. Омар (р.а.) Әбу Бәкірдің мінберге бет алғанын
байқайды. Әбу Бәкір Сыддық мінберге шығып, өзіне
үнсіз көз тіккен, аузын баққан жамағатқа, қалың ел,
қарындас қауымға былай дейді:
«Ей, адамдар! Аллаһ пайғамбарын өзінің қасына
алды. Алайда, Аллаһ мәңгілік, сендердің араларыңда.
Естеріңді жинаңдар, бұл ажал, сендерден ешкім де
ажалдан тірі қалмақ емес. Мәңгі «тірі» – Аллаһ қана».
Содан соң мына аятты оқиды:
364
Сахабалар салған сара жол
«Мұхаммед тек бір расул, елші ғана. Одан бұрын
да қаншама расулдар келіп-кеткен. Егер ол өліп неме-
се өлтірілетін болса сендер дереу діннен шығасыңдар
ма? Кім кері қайтып, діннен шықса, біліп қойсын, одан
Аллаһқа келіп-кетері жоқ. Алайда, Аллаһ тура жолдың
қадірін біліп, шүкіршілік еткендерді мол сыйға бөлейді»
(Әли Имран, 3/144).
Омар
(р.а.)
сол күнгі халін былай баяндайды:
«Уаллаһи, Әбу Бәкір «Әли Имран» сүресінің аятын
оқығанға дейін, пайғамбардың қайтыс болғанына сен-
беген едім. Өйткені, аталмыш аят есімнен тарс шығып
кетіпті».
Әбу Бәкір өзінің құтбасында мына аяттарды да
оқыды:
«Сен де міндетті түрде өлесің, олар да әрине
өледі» (Зүмәр, 39/30).
«Одан басқа барлық нәрсе жоқ болады. Үкім Со-
дан әне сендер тек Соған қайта ораласыңдар» (Қасас,
28/88).
«Жер бетіндегі барлық нәрсе фәни, өткінші. Тек
ұлылық пен құдірет иесі болған Раббының (Жаратқан
ие) өзі ғана мәңгі қалады» (Рахман, 55/26-27).
«Әрбір тіршілік иесі өледі. Жасаған істеріңнің
қайтарымы қиямет күні толығымен беріледі» (Әли
Имран, 3/185).
Осы аяттарды оқығаннан кейін Әбу Бәкір сөзін бы-
лай жалғастырды:
«Уа, жамағат! Аллаһ тағала дінін үстем етіп,
мәңгілік мәні бар хабарларын толық жеткізгенге дейін
Мұхаммедке
(саллаллаһу аләйһи уә сәллам)
өмір берді. Осы міндет-
терін атқарғаннан кейін ол Аллаһтың қасына қайтып
оралды. Мұхаммед сендерді тұйықтан шығарып, тура
365
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
жолға салып кетті. Кімде-кім Аллаһты Раббым деп
таныса, білсін, Аллаһ мәңгі тірі, өлмейді. Кімде-кім
Мұхаммедті пір тұтып, оны тәңір деп білсе, күмәнсіз,
ол бұдан былай арамызда жоқ!
Ей, адамдар! Аллаһтан қорқыңдар, дінді мықтап
ұстаныңдар, Раббыларыңа тас жұтып, тәуекел
етіңдер. Аллаһтың діні өрісін кеңейтіп, өркен жайды.
Жаратқанның сөздерінде тырнақтай мін жоқ. Ол қал-
қадерінше жәрдемдескен адамға әрдайым көмектесіп,
қолдайды. Ол дінін үстем етеді. Аллаһтың кітабы ал-
дымызда. Ол жанға дауа, дертке шипа. Аллаһ кітабы
арқылы Пайғамбарымызды тура жолға бастады. Харам
және адал етілгендер кітапта қолға таяқ ұстатқандай
анық айтылған. Уаллаһи, бізге бас көтергендердің
уәжіне мән бермеңдер. Аллаһтың қылыштары қынынан
шығарылған. Оларды қайыра орнына салмаңдар. Аллаһ
расулының көзі тірісінде қалай жиһад етсек, бұдан кейін
де бізге қарсы шыққандармен аяусыз күрес жүргіземіз.
Бізге қарсы шыққандардың өз обалы өздеріне».
Әбу Бәкір сөзін аяқтағаннан кейін мінберден түсіп,
мұһажырлармен бірге Аллаһ расулының мәйітіне бет
алдық
360
.»
Достарыңызбен бөлісу: |