омардың (р.а.) осы мәселе жөнінде
айтқандары
Сәлим ибн Умәйд былай жеткізеді: «Әбу Бәкірге
бағыну мәселесі туралы сөз қозғалғанда, ансарлардың
бірі: «Бір басшы бізден, бір басшы мұһажырлардан
сайлансын», – деген ұсыныс тастайды. Хазірет
Омар елдің жік-жікке бөлінуіне апарып соқтыратын
бүліктің басын қылтитқан адамға: «Бір қынапта екі
қылыш бір-бірімен қаржаспай тұрмайды, сол сияқты
екі басшының бір қызметті бөлісуі де мүмкін емес», –
деп жауап береді
355
.
Абдуллаһ ибн Мәсғұдтың осы туралы
көзқарасы
Абдуллаһ ибн Мәсғұд
(р.а.)
былай деген: «Ей,
адамдар! Сендерді басқарған басшыға бағыныңдар,
жамағаттан бөлінбеңдер, өйткені жамағат – Аллаһтың
мығым арқаны. Аллаһ сендерге сол арқаннан мықтап
ұстауды бұйырған. Жамағаттың арасында жүріп,
ұнатпаған қандай да бір мінез, әдет сендердің алауыз
кездеріңдегі көңілдеріңе майдай жаққан нәрселеріңнен
артық. Аллаһ тағалаға өзі жаратқан барлық нәрсенің
соңы немен аяқталатыны аян. Исламның келеше-
гі жарқын. Исламның өзінің шарықтау шыңына
көтерілетін күні алыс емес. Қияметке дейін бір-
354
Бәйхақи, Сүнән 8/145 (16327)
355
Бәйхақи, Сүнән 8/145 (16326)
361
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
де күшейіп, бірде әлсірейді. Елдің құлдырауының
көрінісі – кедейлік пен жоқшылық. Жоқшылық белең
алып, пақыр адам өзіне көмек беретін жан таппайтын
қиын күндер туады. Ал, бай бағланы тойымсыз, ашкөз
келеді. Кедей–адам қиналғанын айтып бауырына
қанша мұң шаққанымен, одан ешбір қайыр көрмейді.
Қайыршы апталап, айлап қол жайып, қайыр сұраса да,
жарытып ас ішпейді. Азғындық пен арсыздық әбден
асқынғанда, жерден алапат дауыс шығады. Адамдар
бұл дауыс тек өз аймағынан ғана шықты деп ойлайды.
Сосын жерді Аллаһтың қалауымен белгілі бір уақыт
меңіреу тыныштық басады. Осы тыныштықтан кейін
жер қойнауындағылар сыртқа шығарылады».
«Ей, Әбу Абдуррахман, жер қойнауындағылар де-
генде нені меңзедің?» – деп сұрағандарға, Абдуллаһ
ибн Мәсғұд: «Алтын және күмісті. Бірақ сол күннен
бастап қияметке дейін алтын мен күмістен ешқандай
пайда келмейді»
356
.
Достарыңызбен бөлісу: |