Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу бәкірдің халифалығы туралы Али мен



Pdf көрінісі
бет228/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   349
Әбу бәкірдің халифалығы туралы Али мен 

Әбу Суфиян арасында болған әңгіме

Суәйд  ибн  Ғафла 

(р.а.)

  жеткізеді:  «Әбу  Суфиян 



Али мен Аббастың 

(р.а.)


 қасына барып: «Ей, Али! Ей, 

Аббас!  Халифалық  неге  Құрайыш  қауымының  бір 

ауылға  да  толмайтын  әулетінің  қолында?  Уаллаһи, 

егер  қаласаңдар,  Әбу  Бәкірге  қарсы  қол  жинауға 

келіссеңдер, Мәдинаның көшелерін аттысы бар, жаяуы 

бар жер қайыстырар әскерге толтырамын»-дейді. Али 

(р.а.)

: «Оған қарсы қол жинағаныңды қаламаймын. Егер 



365

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/854 (14117)

366

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/862 (14142)




371

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

біз Әбу Бәкірді халифалыққа лайық деп таппасақ, оны 

басшы  етіп  сайламас  едік.  Ей,  Әбу  Суфиян!  Ислам  – 

бір-біріне адал, жақсылыққа жаны құмар мүміндерден 

құрылған біртұтас үмбет. Мүміндер бір-бірінен алыста 

болғанымен  ниеттері  бір,  бір-бірін  жақтап,  қорғайды, 

жақсы көреді. Ал мұнафықтар бір-біріне қаншалықты 

жақын болса да, бір-бірін алдап, аяғынан шалуға тыры-

сады», – дейді

367


Басқа бір риуаят бойынша, Али 

(р.а.)

 былай деген 



екен: «Сен Ислам мен мұсылмандарға ұзақ уақыт бойы 

жаулық  істеп  келдің.  Бірақ  ол  қастандығың  Исламға 

да, мұсылмандарға да ешқандай зарар берген жоқ. Әбу 

Бәкірді халифалыққа біз лайық көрдік»

368

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет