Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 хАлиФАның өЗ оРнынА МұРАгЕР



Pdf көрінісі
бет236/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

4. хАлиФАның өЗ оРнынА МұРАгЕР 

ТАғАйындАуы

Әбу бәкірдің төсек тартып жатқанда кімді 

билікке қалдыру жайында жолдастарымен 

кеңесуі

Әбу Сәләма ибн Абдуррахман және тағы басқалар 

риуаят етеді: «Әбу Бәкір 

(р.а.)


 өзін науқас меңдегеннен 

кейін, бір күні Абдуррахман ибн Ауфты 

(р.а.)

 шақыртып, 



одан:  «Омар  ибн  Хаттабтың  халифалығы  туралы  не 

ойлайсың?»  –  деп  сұрайды.  Ол:  «Өзің  жақсы  білетін 

373

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 8/863 (14145)



374

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/851 (14110)




377

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

адамды менен сұрағаның қалай?» –  дейді.  Әбу Бәкір: 

«Сөйтсе  де  сен  өз  пікіріңді  айт»,  –  дейді.  Абдуррах-

ман  ибн  Ауф:  «Уаллаһи,  ол  халифалыққа  лайық  де-

ген адамдардың ең абзалы», – дейді. Кейін Әбу Бәкір 

Осман  ибн  Аффанды 

(р.а.) 

шақыртып:  «Омар  халифа 

болуға лайық па, жоқ па?» – деп сұрайды. Осман: «Оны 

сен менен жақсырақ білесің ғой», – дейді. Әбу Бәкір: 

«Сонда да сен өз ойыңды айт», – деп қоймаған соң Ос-

ман 


(р.а.):

 «Мынаны ашық айтайын: менің білетінім, ол 

ішкі дүниесі таңғы шықтай мөлдіреп тұрған адам, ара-

мызда оған тең келер ешкім жоқ», – дейді. Әбу Бәкір: 

«Аллаһ саған мейірімін төксін, уаллаһи, егер одан бас 

тартар  болсам,  сені  тағайындар  едім»,  –  дейді.  Әбу 

Бәкір  осы  мәселе  төңірегінде  Саид  ибн  Зубәйрмен, 

Усәйд ибн Худайрмен, ансарлар мен мұһажырлардың 

ақсақалдарымен жеке-жеке ақылдасты. Усәйд ибн Ху-

дайр «Аллаһ куә, сенен кейінгі ең таңдаулымыз – Омар. 

Ол  нені  болмасын  Аллаһ  үшін  жақсы  көреді,  Аллаһ 

үшін қуанады, Аллаһ үшін ашуланады, ол – өте әділетті 

адам. Бұл істі одан артық атқаратын адам бар деп ойла-

маймын», – дейді

375

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет