Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Сахабалардың Әбу бәкірге берген жауабы



Pdf көрінісі
бет233/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   349
Сахабалардың Әбу бәкірге берген жауабы

Иса ибн Атыйяның айтуы бойынша, Әбу Бәкір 

(р.а.)

 

өзіне серт берілгеннен кейін араға күн салып:  



«Уа,  халайық!  Маған  берген  серттеріңді  кері 

қайтарамын. Өйткені, мен сендердің ең қайырлыларың 

емеспін,  араларыңдағы  ең  жақсыларың  және  ең 

қайырлыларың кім болса, соған серт беріңдер», – дей-

ді.

Оның  осы  сөзінен  кейін  жамағат  орнынан  өре 



түрегеліп: «Уа, Аллаһ елшісінің халифасы! Ант етеміз, 

371


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/871 (14166)


375

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

сен біздің ең қайырлымызсың», – дейді бәрі бірауыздан. 

Сонда Әбу Бәкір:

«Уа,  жамағат!  Адамдардың  кейбірі  өз  еркі-

мен,  кейбірі  амалсыздан  Ислам  дінін  қабылдап, 

мұсылман  болды.  Олар  Аллаһ  тағаланың  панасында. 

Сондықтан  Жаратқанның  сендерге  жүктеген  міндет-

терін  адал  атқарыңдар.  Ақыретте  әрбір  істеріңе  жа-

уап  беретіндеріңді  ұмытпаңдар.  Менің  де  әрдайым 

азғырып, адастыруға тырысатын нәпсім мен шайтаным 

бар.  Сондықтан  да  ашулы  кезімде  маған  жоламауға 

тырысыңдар.  Әйтпесе,  сендерді  ренжітіп  қоюым 

мүмкін. 

Уа,  жарандар!  Құлдарыңның  дүниені  қайдан 

әкелгенін қадағалап, мән беріңдер. Өйткені, хараммен 

ауыздықтанған  тән  жұмаққа  кіре  алмайды.  Жақсылап 

тыңдаңдар, мені және менің іс-әрекеттерімді әрдайым 

қадағалаңдар.  Дұрыс  және  әділетті  әрекет  жасасам, 

маған  көмектесіңдер.  Ақиқаттан  ауытқитын  болсам, 

мені  түзетіңдер.  Аллаһқа  мойынсұнған  кезімде  маған 

мойынсұныңдар. Аллаһқа қарсы келетін болсам, маған 

бағынбаңдар»

372

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет