Олар күйіп-пісті екен деп асып-сасқан Омар жоқ.
395
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
«Пайғамбарымыз Ислам әлі әлсіз кездерде біраз
жеңілдіктер жасап, сендерді Исламға тартуға ынталан-
дыратын. Алайда, қазір Аллаһ Исламды қуаттандырды.
Ендігі жерде маған қарсы кімге жүгінем десеңдер де,
жүгініңдер! Егер осы үшін маған қырын қарасаңдар,
Аллаһ та сендерге оң көзбен қарамасын!» – дейді.
Әлгі екі адам ашуланып, Әбу Бәкірге барып «Уаллаһи,
түсінбедік, халифа сенсің бе, әлде Омар ма?» – деп
реніш білдіреді. Әбу Бәкір: «Халифа – сол. Ол қаласа,
сендердің істеріңді мақұлдар еді», – дейді. Сол кезде
Омар ашумен Әбу Бәкірге келіп, төбесінен төніп тұрып:
«Айтшы қане, мына екі адамға бөліп берген жер сенің
жеке мүлкің бе, әлде мұсылмандардың ортақ жері ме?»
– деп сұрайды. Әбу Бәкір: «Барша мұсылмандардың
ортақ мүлкі» – деп жауап береді. Сонда Омар ол жер-
ді мұсылман жамағатқа емес, неге осы екі адамға бер-
генін сұрағанда, Әбу Бәкір: «Сол кезде қасымда болған
мына-мына адамдармен ақылдастым, олар маған осы-
лай ұсыныс жасады», – дейді. Омар: «Жаныңдағы сол
жамағатпен ақылдасу арқылы барлық мұсылмандармен
ақылдасып, олардың келісімін алдым деп ойлайсың
ба?» – дейді. Әбу Бәкір: «Мен саған «Халифалыққа ме-
нен сен лайықсың» деген едім алайда, мені көндіріп,
халифалықты маған жүктеген өзің болатынсың», – деп
жауап береді
393
.
Достарыңызбен бөлісу: