396
Сахабалар салған сара жол
де басқаладың пікірін тыңдап, ойын білуді ешқашан
ұмытушы болма!» – деп хат жазған»
394
.
омардың басқа адамдармен кеңесуі
Әбу Жафар айтады: «Омар (р.а.) Алидің (р.а.)
қызы Үммі Гүлсімге құда түседі. Али: «Қыздарымды
Жафардың ұлдарына беруді ойлап жүрген едім», –
дегенде, Омар: «Я, Али, қызыңды маған қос. Уаллаһи,
мына дүниеде мен секілді оны алақанында аялап
ұстайтын жан табылмас, сірә», – дейді. Али ары ойланып,
бері ойланып, ақыры келісімін береді. Осы оқиғадан
соң арада біраз уақыт өткеді. Бір күні Омар пайғамбар
мешітінде қабір мен мінбердің арасында отырған
мұһажырлардың қасына келеді. Али, Осман, Зубәйр,
Талха және Абдуррахман ибн Ауф өзара әңгіме-дүкен
құрып отыр екен. Омар сырттан хабар келгенде, алды-
мен осы кісілерге жағдайды айтып, олардың пікірлерін
сұрайтын. Бұл жолғы келісінде: «Мені үйлендіріңдер»,
– дейді. «Кімді қалайсың?» – деп сұрағанда, Али ибн
Әбу Тәліптің қызының атын айтады. Мұның себебін
оларға былай жеткізеді: «Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
«Қиямет күні менің тегімнен басқа барлық тек-
тік қатынастар үзіледі», – деген болатын. Мен осы
дүниеде оның жолдасы болдым, туыстық жағынан да
оған жақын болғым келеді
395
.
Достарыңызбен бөлісу: