457
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
мін. Сауабымның да, күнәмнің де болғанын қаламас
едім!» – деді
484
.
Басқа бір риуаят бойынша, Омар (р.а.) Ибн Аббасқа:
«Маған жұмақты сүйіншілеуіңе келетін болсақ, өзінен
басқа ғибадат етуге лайық илаһ болмаған Аллаһқа ант
етемін, күллі дүние уысымда тұрса да, алдымдағы
тозақтан құтылу үшін барлығынан ойланбай бас тартар
едім. Мүміндерді басқаруды жауапкершілігіме алуыма
қатысты сөздеріңе келсек, менің пайдама да, зияныма да
шешілмесін, маған сол жетеді», – деп жауап береді
485
.
Тағы бір риуаят бойынша, Омар (р.а.)
қасындағыларға: «Мені отырғызыңдар», – дейді. Оны
сүйемелдеп отырғызғаннан кейін Ибн Аббасқа: «Жаңа
айтқандарыңды қайталашы», – дейді. Ол Омардың
бұл тілегін орындайды. Омар: «Ибн Аббас, махшар-
да Аллаһтың алдына барғанда, осылайша мені жақтап
куәгер боласың ба?» – деп сұрайды. Ибн Аббас: «Иә»,
– дейді. Омар Ибн Аббастың бұл жауабына балаша
қуанады
486
.
Достарыңызбен бөлісу: