омар мен Әбу Мұса әл-Әшғари арасында
болған әңгіме
Ибн Омар (р.а.) айтады: Бір күні әкем Омар
Әбу Мұса әл-Әшғаримен кездесіп қалады. Оған:
«Ей, Әбу Мұса, Аллаһ расулының көзі тірі кезіндегі
амалдарыңның обал–сауабын өзіңде қалдырып, одан
кейінгі әрекеттеріңнің жақсысы мен жаманы тең түссе,
бұған қуанар ма едің?» – деп сұрайды. Әбу Мұса (р.а.):
«Жоқ, қуанбас едім. Уаллаһи, Басраға барғанымда,
ол жерде зұлымдық пен надандық меңдеген кез бо-
латын. Ол жердің халқына Құранды және Аллаһ
расулының сүннетін үйреттім. Солармен бірге Аллаһ
жолында соғыстым. Сол себептен осы жасағандарым
үшін Аллаһтың жақсылығынан үміт етемін», – дей-
ді. Омар былай дейді: «Мен Аллаһ расулынан кейін-
гі әрекеттерімнің жақсысы мен жаманы тең түскенін
қатты қалаймын. Тіпті, Расулаллаһпен бірге жасаған
амалдарым да маған жетер еді деп ойлаймын!»
483
Достарыңызбен бөлісу: |