Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу бәкірдің йәзид ибн Әбу Суфиянға



Pdf көрінісі
бет326/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   349
Әбу бәкірдің йәзид ибн Әбу Суфиянға 

айтқандары

Харис ибн Фудайл айтады: «Әбу Бәкір (р.а.) Йәзид 

ибн Әбу Суфиянды қолбасшылыққа тағайындап, оған 

былай  деді:  «Ей,  Йәзид,  сен  әлі  жассың,  жас  болсаң 

да бас болып, өзіңді жақсы жағыңнан көрсетіп, іскер-

лік қабілетіңді таныттың. Бұл – сенің жеке басыңның 

қасиеті. Сені сынағым келді. Сені отбасы, ошақ қасынан 

жырақ, алысқа жіберу арқылы сенің қабілетіңді байқап 

көремін,  қолбасшылықты  өз  деңгейінде  алып  жүре 

аласың ба, жоқ па, соны тексергім келеді. Егер жетістік-

ке қол жеткізсең, саған бұдан да жауапты қызметтерді 

тапсырамын.  Егер  алып  жүре  алмасаң,  сені  дереу 

қызметіңнен  босатамын.  Халид  ибн  Саид  басқарған 

әскер  саған  аманат.  Әбу  Убайда  ибн  Жәррахпен 

қатынасың  жақсы  болсын.  Оның  Исламдағы  алатын 

орнын  білесің.  Өйткені  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи 

уә  сәлләм)

:  «Әр  үмбеттің  бір  сенімді  адамы  болады,  бұл 

үмбетің сенімдісі – Әбу Убайда ибн Жәррах», – деген. 

Оның  артықшылығы  мен  Исламдағы  алатын  орнын 

ешқашан ұмытпа. Муаз ибн Жәбәлді де құрметте, оның 

сөздеріне мән бер. Оның Расулаллаһпен бірге барлық 

соғысқа қатысқанын білесің. Аллаһ расулының ол ту-

ралы: «Қиямет күні Муаз ибн Жәбәл ғұламалардан оқ 

492


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/920 (14288)


463

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

бойы озық тұрады», – деген. Осы екеуімен ақылдаспай, 

ешқашан  нақты  шешім  қабылдама.  Олар  сенен 

қолыңнан келген жақсылығын аямайды».

Әбу  Бәкір  ағалық  ақыл-кеңесін  айтқаннан  кейін, 

Йәзид ибн Әбу Суфиян: «Ей, Аллаһ расулының халифа-

сы! Олар туралы маған айтқаныңдай, оларға да мен ту-

ралы айт», – дейді. Әбу Бәкір: «Әрине, міндетті түрде», 

– дейді. Йәзид: «Аллаһ саған әрдайым рақымдылықпен 

қарасын, Исламға жасаған қызметтерің үшін сені сый–

сияпатқа бөлесін», – дейді

493


Йәзид ибн Әбу Суфиян (р.а.) басқа бір риуаятта бы-

лай айтады: «Әбу Бәкір (р.а.) мені Шамға аттандырып 

тұрып былай деді: «Қызметіңді пайдаланып, өз туыста-

рын жақын тарта ма деп, сен үшін алаңдаймын. Йәзид, 

сөзіме құлақ сал! Сенің жақындарың, туыстарың бар. 

Пайғамбарымыз  «Мұсылмандардың  қандайда  бір  ісін 

өз міндетіне алған адам біреуді қызметке тағайындап, 

заңсыздыққа  жол  беріп,  оларға  басшы  етсе,  оған 

Аллаһтың  лағынеті  жаусын!  Аллаһ  оның  парыз  және 

нәпіл ғибадаттарын қабыл етпейді, оны тозаққа тастай-

ды. Кім бауырының малын басқа біреуге тартып алып 

берсе,  оған  да  Аллаһтың  лағынеті  жаусын!»  –  деген. 

Аллаһ  адамдарды  өзіне  иман  келтіруге,  осылайша  өз 

қамқорлығына кіруге шақырған. Сондықтан, Аллаһтың 

қамқорлығында  болған  адамға  қиянат,  заңсыздық 

жасаған  адам  міндетті  түрде  Аллаһтың  азабы  мен 

қарғысына ұшырайды»

494

.

493



 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/848 (14100)

494


 Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 1/6 (21)


464

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет