479
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
оған бағынуға қатысты серт беруі кезінде бір қыз: «Енді
қойларымызды кім сауады?» – деп қалады. Әбу Бәкір:
«Ант етемін, сендер үшін бұл әдетімді тастамаймын.
Қызметім қолбайлау болады деп қорықпаймын», – дей-
ді. Шынында да, Әбу Бәкір халифа болғаннан кейін де,
сол аймақтың қойларын сауып жүрді. Тіпті кейде сол
қызға: «Көпіртіп сауайын ба, әлде жайлап сауайын ба?»
– дейтін. Қыз: «Көпіртіп сау», – дейтін. Әбу Бәкір сол
қыздың айтқанын істейтін.
Әбу Бәкір (р.а.) халифалық қызметке кіріскен-
нен кейін, мүлдем мұрнына су жетпейтін болды. Әбу
Бәкір Сүнхтегі үйінде алты ай тұрғаннан кейін, қала
орталығына көшті. Әр сәті еңбекпен, елге қолғабыс ету-
мен өтетін, «Уаллаһи, саудамды тастайтын шығармын,
өйткені ел басқаруыма кедергі болатын түрі бар. Елдің
мүддесіне көбірек уақыт бөлуім керек екен», – дей-
ді. Сөйтіп, Әбу Бәкірдің және отбасының күнделікті
шығыны мен қажылық пен ұмраға жұмсауы үшін оған
мемлекет қазынасынан жылына алты мың дирхам ақы
тағайындалды.
Фәниден бақиға көшерінде: «Біздегі мұсыл-
мандардың заттарын түгел иелеріне қайтарыңдар. Мен-
де олардың бір сабақ жібі де қалмасын. Осы уақытқа
дейін мемлекеттік қазынадан алған жалақыларымның
қайтарымы ретінде жеке меншігімдегі пәлен-түген жер-
лерді қалдырмақпын. Ол жерлер енді мұсылмандардың
ортақ меншігіне қабылдансын», – деп кетті. Оның
атындағы жер, сүтті түйесі, жалғыз құлы және бес
дирхамдық барқыт мата Омарға (р.а.) тапсырылды.
Бұған куә болған Омар ол жайлы «Өзінен кейінгіге
қиын соғатын өнеге қалдырды» деген
511
.
511
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/840 (14077)