Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет338/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   349
20. хАлыҚТың Ел бАСшыСынА 

нАСихАТы

Саид ибн Амирдің омарға насихаты

Мәкхул  айтады:  Аллаһ  расулының  сахабалары-

нан  Саид  ибн  Амир  ибн  Хузайм  Әл–Жумәхи  (р.а.) 

бір  күні  Омарға  (р.а.):  «Уа,  Омар,  саған  мынадай  на-

сихат айтқым келеді», – дейді. Омар: «Құлағым сенде, 

айт», – дейді. Саид ибн Амир: «Адамдардың құқығын 

қорғау  мәселесінде  Аллаһтан  қорқып,  Аллаһтың 

құқығын орындауда халықтан ықпа. Сөзің мен ісің сай 

болсын.  Өйткені  сөздің  қайырлысы  іспен  расталғаны 

болып  табылады.  Қандай  істі  қолға  алсаң  да,  екі 

сөйлеме!  Әйтпесе,  ісің  теріс  бағыт  алып,  ақиқаттан, 

әділдіктен  айырыласың.  Басы  ашық  мәселелерде  оң 

шешім  қабылдасаң,  жетістікке  жетесің,  Аллаһ  саған 

көмек  береді,  халқыңды  да  сен  арқылы  тура  жолға 

салады.  Аллаһтың  қалауымен  өзің  басқарған  барша 

мұсылмандарға  бірдей  қара.  Бәріне  теңдей  қара,  өзің 

мен отбасың үшін не тілесең, олар үшін де соны тіле. 

Ақиқатқа апаратын жолдағы түрлі қиындықтарға шы-

дай біл. Аллаһ жолында жүргенде сынаушының және 

өсектеушінің сөзінен қаймықпа!» – деді. 

Омар:  «Сенің  осы  айтқандарыңа  кімнің  шамасы 

жетеді?» – деп сұрайды. Саид ибн Амир: «Сен сияқты 

адамның!  Аллаһ  Мұхаммедтің 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

 

үмбетінің басшылығына әкелген, өзі мен Аллаһ арасы-



507

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/160 (36554)




475

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

на ешкім кірмеген сен сияқты адам бұған қол жеткізе 

алады», – деді нық сеніммен дем бере сөйлеп

508






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет