19. Әбу ЖӘһІлдІң бАлАСы иКРиМАның
иСлАМды ҚАбылдАуы
Абдуллаһ ибн Зубәйр (р.а.) былай дейді: «Мекке
бағындырылған күні Әбу Жәһілдің баласы Икриманың
әйелі Үммі Хаким мұсылман болып, Аллаһ расулына:
«Уа, Расулаллаһ, сені өлтіреді деп Икрима Йеменге
қашып кетті. Өлтірмейтініңізді айтыңыз, қайтып орал-
сын», – деді. Расулаллаһ: «Еліне оралғысы келсе, жолы
ашық, оған ешкім тиіспейді», – деді.
Үммі Хаким күйеуін іздеп жолға шығады. Үммі
Хаким Хижаз жағалауының жырақтау бір пұшпағынан
Икриманы тауып алады. Әлдебір кемеге мінген жерінен
кеме басшысы оған: «Сені құтқаратын сөзді айт», – дей-
ді. Икрима: «Не айтайын?» – дегенде, «Аллаһтан басқа
ғибадатқа лайық тәңір жоқ, – деп айт» дейді. Икрима:
«Мен осыны айтпау үшін қашып жүрген жоқпын ба?» –
дейді. Олар осылай тәжікелесіп тұрған кезде, Үммі Ха-
ким келе қалды. Үммі Хаким Икримаға: «Адамдардың
ең адалының, ең жақсысының, ең қайырлысының
қасынан келе жатырмын, еңсеңді тік ұста», – дейді.
Бұл сөзге Икрима еріксіз тосылады. Үммі Ха-
ким: «Аллаһ расулынан сен үшін кешірім сұрадым»,
– дейді «Сен шынымен осылай істедің бе?» – дейді
Икрима екі ұшты сөйлеп. «Иә, одан кешірім сұрадым,
Пайғамбарымыз сені кешірді», – дейді Үммі Хаким
(р.а.).
Екеуі бірге қайтады. Ерлі-зайыптылар Мекке-
ге жақындаған кезде, Пайғамбарымыз сахабаларына
«Әбу Жәһілдің баласы Икрима мүмін әрі мұһажыр
кейіпте сендерге келе жатыр. Оның әкесіне тіл тигізуші
болмаңдар. Өйткені өлген адам туралы жаман сөз айту
өлгенді емес, тіріні ренжітеді», – дейді.
160
Сахабалар салған сара жол
Сәл шегініс...
Икрима Меккеге қайтар жолда әйелімен
жақындаспақ болады. Алайда зайыбы: «Сен кәпірсің,
ал мен мұсылманмын», – деп, оның тілегін орындау-
дан үзілді-кесілді бас тартады. Икрима: «Сені менен
алыстатқан бұл дін айрықша дін болса керек», – дейді.
Үммі Хакимнің Икриманы ертіп келгенін көргенде,
Пайғамбарымыз қуанып орнынан түрегеледі. Икри-
ма тіке жүріп алдына барады. Әйелі қасында бола-
тын. Икрима: «Уа, Мұхаммед, (әйелін меңзеп) мына
әйел сенің мені кешіргеніңді айтты, рас па?» – дей-
ді. Пайғамбарымыз: «Рас, бұдан былай сен біздің
қорғауымыздасың», – дейді. Икрима: «Бізді неге
шақырасың?» – дейді.
Аллаһ расулы (с.а.с.): «Сені Аллаһтан басқа
құлшылыққа лайық тәңірдің жоқ екеніне, менің
Аллаһтың пайғамбары екеніме куәлік етуге, намаз
оқуға, зекет беруге шақырамын», – деп, Исламның
негіздерін де ұмыт қалдырмайды. Икрима: «Уаллаһи,
сен тек ақиқат пен ізгілікке шақырып тұрсың. Аллаһқа
ант етемін, сен бұрын Пайғамбар болмай тұрғанда
да, арамызда ең шыншыл, жақсылыққа жаны құмар
адам болатынсың. Куәлік етемін: Аллаһтан басқа
құлшылыққа лайық тәңір жоқ. Куәлік етемін: Мұхаммед
Оның құлы әрі расулы», – дейді.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қуанышы қойнына
сыймай, бір жасап қалады. Икрима: «Уа, Расулаллаһ!
Маған ең қайырлы сөзді үйрет, әрдайым аузымнан тас-
тамай айтып жүрейін», – дейді. Расулаллаһ: «Әшһәду ән
лә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мұхаммәдән абдуһу
уә расулуһу» дерсің» деді. Икрима: «Тағы не айтайын?»
– дегенде, Пайғамбарымыз: «Аллаһ және осы жер-
161
Аллаһ пен расулына шақыру
де отырғандар куә болсын, «Мен енді мұсылманмын,
мүжаһидпін және мұһажырмын» деп айт», – дейді. Ик-
рима осы сөздерді қайталайды».
Достарыңызбен бөлісу: |