Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет84/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   349
154

Сахабалар салған сара жол

жасадым.  Ертеңгісін  Пайғамбарымыз:  «Әбу  Суфиян! 

Аллаһтан басқа ғибадатқа лайық тәңірдің жоқ екеніне 

куәлік етудің уақыты келген жоқ па?», – деді. Әбу Суфи-

ян: «Сен қандай кең пейілді адамсың! Қандай мейірбан, 

қайырымды жансың! Туыстық қатынасқа соншалықты 

мән бересің. Мен Аллаһпен бірге басқа тәңірлер бол-

са,  маған  пайдалары  тиер  деп  ойлайтынмын»,  –  деді. 

Расулаллаһ:  «Әй,  Әбу  Суфиян!  Менің  Аллаһ  расулы 

екенімді мойындайтын уақытың келген жоқ па?» – де-

генде, Әбу Суфиян: «Сен қандай мейірімді және мәрт 

адамсың! Осы кезге дейін мені бірталай түсініксіз сау-

алдар мазалаған еді», – деді. 

Аббас  (р.а.)  былай  дейді:  «Бері  қара,  Әбу  Суфи-

ян!  Өзіңе  жаның  ашыса,  басың  шабылмай  тұрғанда, 

мұсылман  бол.  Аллаһтан  басқа  құлшылыққа  лайық 

тәңір  жоқ  екеніне,  Мұхаммедтің  пайғамбар  екеніне 

куәлік ет» – дедім. Сонда Әбу Суфиян шаһадат айтып, 

мұсылман болды. Ибн Аббас әрі қарай былай дейді: «Уа, 

Расулаллаһ,  Әбу  Суфиян  құрмет  пен  артықшылықты 

жақсы көреді, оны құрметке бөлейтін бір артықшылық 

берсеңіз», – дедім қиыла өтініп. Расулаллаһ: «Дегенің 

болсын,  кімде-кім  Әбу  Суфиянның  үйін  паналаса,  ол 

адамның қауіпсіздігіне кепілдік беремін. Кім өз үйіне 

кіріп, есігін тарс бекітіп алса, оған да ешкім тиіспейді. 

Харам  мешітін  паналаған  адам  да  қауіпсіздікте  бола-

ды», – деді. 

Әбу  Суфиян  қайтуға  ыңғай  білдіргенде,  Пайғам-

барымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Аббас! Оны әскерлер ба-

сып өтетін тау асуына апар, сол жерден Аллаһтың сар-

баздарын өз көзімен көрсін», – деді. 

Екеуміз жолға шығып, Аллаһ расулының айтқаны 

бойынша, Әбу Суфиянды тар қолатқа ертіп апардым. Әр 



155

Аллаһ пен расулына шақыру

тайпа өздерінің байрағын желбіретіп, Әбу Суфиянның 

алдынан  шеру  тартып  өте  бастады.  Әр  тайпаға  наза-

ры  түскен  сайын  Әбу  Суфиян:  «Аббас,  мыналар  кім-

дер?»  –  деп  сұрап  тұрды.  «Сүләймұлдары»,  –  дедім 

мен. Әбу Суфиян: «Олар бұл жерге келетіндей мені мен 

Сүләймұлдарының арасында қандай мәселе бар?» – деп 

сұрады. 


Барлық  тайпа  өтіп  болғанша,  Әбу  Суфиян 

осы  сұрақтарын  қайталап  қоюмен  болды.  Бір  кез-

де  тайпалардың  шеруі  аяқталды.  Олардың  артын-

ша  үстерінде,  темір  сауыт,  көздерінен  басқа  жері 

көрінбейтін  мұһажырлар  мен  ансарлардан  құралған, 

араларында  Расулаллаһ  та  бар,  айбарлы  қол  барлық 

сән-салтанатымен  алдымыздан  шеру  тартып  өтті. 

Әбу  Суфиян:  «Субханаллаһ!  Аббас,  мыналар  кім?» 

–  деп  сұрады.  «Бұл  арасында  Пайғамбарымыз  бар 

мұһажырлар  мен  ансарлар  тобы»,  –  дедім  мен.  «Ей, 

Әбул-Фазыл,  бұларға  ешкімнің  шамасы  жете  қоймас. 

Бауырыңның баласы айбынды сұлтанға айналыпты», – 

деді Әбу Суфиян таңданысын жасыра алмай. «Жоқ, ол 

сұлтан емес, ол – пайғамбар», – дедім мен. Ол: «Мейлі, 

солай-ақ  болсын»,  –  деді.  «Енді  өз  қауымыңа  бар»,  – 

дедім. Ол өз қауымына барып, бар даусымен айқайлап: 

«Ей,  Құрайыш!  Мұхаммед  біздің  әліміз  жетпейтін 

үлкен  күшпен  келе  жатыр.  Кім  Әбу  Суфиянның  үйін 

паналаса, оған ешкім тиіспейді», – деді. 

Бұл сөзге ашуланған әйелі Хинд оған тұра ұмтылды. 

«Мына оңбағанның көзін құртыңдар. Осындай қорқақ 

басшы бола ма?» – деді. Әбу Суфиян: «Тоқтаңдар. Мына 

әйелдің  сөзіне  алданбаңдар.  Шынында  да  Мұхаммед 

үлкен күшпен келе жатыр. Әбу Суфиянның үйіне кір-

ген адамға қауіп жоқ», – деді. 



156

Сахабалар салған сара жол

«Сенің  үйіңе  қайсымыз  сиямыз?»  –  деді  топ  ара-

сынан  біреу.  Бұған  Әбу  Суфиян  Аллаһ  расулының 

(с.а.с.) сөзімен жауап берді: «Үйіне кіріп, есігін жапқан 

адамға ешкім тиіспейді. Харам мешітін паналағандарға 

да қауіп жоқ». Осыны естіген халық үйлерін, мешітті 

паналады

147


Риуаят  етуші  былай  дейді:  «Пайғамбарымыздың 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 жасағында сауыттан мұз құрсанған 

екі мың әскер бар болатын. Расулаллаһ туды Сағыд ибн 

Убадаға  ұстатқан  болатын.  Сағыд  (р.а.)  жасақтың  ал-

дында Пайғамбарымыздың туын ұстап, Әбу Суфиянның 

тұсынан  өтіп  бара  жатып:  «Ей,  Әбу  Суфиян!  Бүгін 

шайқас күні. Бүгін Меккеде қан төгуге рұқсат берілген 

күн. Бүгін Аллаһ тағаланың Құрайышты масқара ететін 

күні», – деді.

Расулаллаһ бұл кезде қарсы бетте келе жатқан бола-

тын. Дәл Әбу Суфиянның тұсынан өтіп бара жатқанда, 

оған:  «Уа,  Расулаллаһ!  Өз  қауымыңды  қырып-

жоймақпысың?  Сағыд  жаңа  солай  деп  кетті.  Жұртың 

үшін  кешірім  сұраймын.  Сен,  шынында,  адамдардың 

ең  асыл  текті  абзалысың,  туысты  қадірлейсің!»  –  деп 

дауыстады. 

Абдуррахман ибн Ауф пен  Осман ибн Аффан да 

«Уа, Расулаллаһ, Сағыдтың Құрайышқа шабуылдамай-

тынына сенім жоқ», – деп қауіптерін білдірді. 

Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  «Ей,  Әбу  Су-

фиян! Бүгін рақымдылық күні, бүгін Аллаһ тағаланың 

Құрайышты қадірлі еткен күні», – деді. 

Осыны айтқан Пайғамбарымыз Сағыдқа хабар жі-

беріп, оны қолбасылықтан алды. Ренжітіп алмау үшін 

туды  оның  баласы  Қайсқа  беруді  бұйырды.  Сағыд 

147


 Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 7/76 (6419)


157

Аллаһ пен расулына шақыру

Пайғамбарымыздан белгі келмейінше туды тапсырмай-

тынын айтады. Сонда Пайғамбарымыз өзінің сәлдесін 

жібереді. Сағыд сәлдені алып, қолындағы туды баласы-

на ұстатады

148






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет