дім. Сізге әкелгенше асықтым», – дейді.
284
Сахабалар салған сара жол
Әбу Һұрайра
(р.а.)
айтады: «Бір күні Пайғам-
барымыз
(с.а.с.)
алдына келген табы қайтпаған нанды
тауысқаннан кейін: «Әлхамдулиллаһ! Көптен бері
ыстық тағам жегенім осы», – деді
270
.
Сәһл ибн Сағыд
(р.а.)
былай дейді: «Расулаллаһ
(с.а.с.)
өзіне пайғамбар міндеті жүктелген күннен
Раббысына қауышқанға дейінгі өмірінде дастарха-
нына кебексіз ұннан жасалған нан қойылған емес.
«Расулаллаһтың тұсында ұнын ұндай айыратын
елек бар ма еді?» – деп сұрағандарға: «Аллаһ расулы
пайғамбар етіп жіберілгеннен бастап дүние салғанға
дейін елек көрмеді», – деді. «Еленбеген арпаны қалай
жедіңдер?» – деп сұрағандарға «Арпаны үгітіп, сосын
желге ұшыратынбыз. Ұшқаны ұшады, қалғанынан нан
жабатынбыз», – деп жауап берді»
271
.
Айша
(р.а.)
«Расулаллаһтың дастарханында арпа
нанының бір түйірі де қалмайтын», – десе, басқа бір
риуаятта «Аллаһ расулының дастарханында ешқашан
тамақ артылып қалған емес», – деген
272
.
Достарыңызбен бөлісу: