6
Сахабалар салған сара жол
1. АллАһ ПЕн РАСулынА
МойынСұнуғА үндЕйТІн АяТТАР МЕн
хАдиСТЕР
Расулаллаһтың пайғамбарлық міндеті
«Ей, пайғамбар! Біз сені адамдарға куәгер,
қуантушы, ескертуші, Аллаһтың әмірімен Оның жо-
лына шақыратын пайғамбар әрі нұр шашқан шырақ
етіп жібердік» («Ахзап», 33/45-46).
«(Ей, расулым!) Біз сені бүкіл адамзат баласына
рақымдылығымызды сүйіншілеп, азабымызды ескер-
туші ретінде жібердік, алайда адамдардың көпшілігі
мұны білмейді» («Сәбә», 34/28).
«Біз сені тек қуантушы және ескертуші етіп жі-
бердік» («Фұрқан», 25/56).
«Біз сені әлемдерге (жын мен адамзат әлеміне)
тек қана рақымдылықтың себепшісі етіп жібердік»
(«Әнбия», 21/107).
«Мүшріктер ұнатпаса да, Аллаһ Өз елшісін барлық
діндерден үстем ету үшін тура жолға бастаушы хақ
дінмен жіберді» («Саф», 61/9).
Әлемдердің раббысы Аллаһ тағала Пайғамбары-
мызды былай деп сипаттайды:
«Күмәнсіз, Аллаһ менің де Раббым, сендердің де
Раббыларың, олай болса, Аллаһқа құлшылық жасаңдар.
Міне, тура жол – осы» («Әли Имран», 3/51).
«Раббым, мені тура жолға – хақ дін Ибраһимнің
дініне бағыттады. Ол мүшірік емес еді» – деп айт.
«Менің намазым да, басқа құлшылықтарым да, өмірім
де, өлімім де әлемдердің Раббысы – Аллаһқа тән. Оның
серігі де, теңдесі де жоқ. Маған берілген бұйрық –