Б
ірінші
Бөлім
АллАһ пен рАсулынА
шАқыру
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бен сахабала-
ры неліктен адамзат баласын Ислам дініне шақыруға
аса ден қойды? Тура жолды көрсетуді, өзгелерге
ақиқат дінді мойындатуға және Хақ тағаланың
рақымдылығына бөленуді қаншалықты қалады? Бұл
жолда қаншалықты тер төкті?
1. хАҚТы ТАныТуғА дЕгЕн
ҚұшТАРлыҚ
Расулаллаһтың барша адамзатты иманға
шақыру жолында сіңірген еңбегі
Пайғамбарымыз бүкіл адамзат баласының Аллаһқа
иман келтіріп, мойынсұнғанын шын ықыласымен
қалады. Аятта Хақ тағала оның бұл құштарлығын былай
көрсеткен: «Адамдар иман келтірмеді деген қайғыдан
өзіңді мүжіп бітесің. Егер қаласақ, оларға көктен сон-
дай бір мұғжиза түсірер едік, сол арқылы, қаласын-
қаламасын, мойынсұнар еді». («Шұғара», 26/3-4) Алай-
да Аллаһ мына аятта: «Адамдардың кейбірі бақытсыз,
кейбірі бақытты» деп баяндады («Худ», 11/105). Пе-
шенесіне жазғанына қарай кей адамдар иман келтіруге
28
Сахабалар салған сара жол
лайықты, ал кейбіреулері өздерін бұл игіліктен қасақана
мақұрым еткен
50
.
Достарыңызбен бөлісу: |