Әбу бәкірдің халифалықтан бас тартуы
Әбу Бәкір
(р.а.)
бір құтбасында жамағатқа былай
деген:
«Уа, жарандар! Егер мен халифалықты өз
қалауыммен немесе өзімді сендерден және басқа
мұсылмандардан жоғары санағандықтан жауап-
кершілігіме алды деп ойласаңдар, қателесесіңдер.
Уаллаһи, ондай ой үш ұйықтасам да түсіме кірген емес.
Аллаһтан мұны ашық та, жасырын да тілеген емеспін.
Соған қарамастан, мойныма өте ауыр міндет жүктелді,
Аллаһ тағаланың мейірім-шапағаты түсіп қолдамаса,
халім мүшкіл. Халифалықты Аллаһ расулының саха-
баларынан елді әділетті басқаратын біреуіңе тапсыра-
мын. Халифалықты өздеріңе қайтарып отырмын. Бер-
ген серттеріңді де Халифалықты қалаған адамдарыңа
беріңдер. Бұдан былай мен өз қатарларыңдағы ғана
адаммын».
Достарыңызбен бөлісу: |