Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың бәкір тайпасын



Pdf көрінісі
бет48/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Пайғамбарымыздың бәкір тайпасын 

исламға шақыруы

Аббас  (р.а.)  былай  дейді:  «Адамзаттың  асылы 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

маған: «Бауырың екеуің маған бірде-

бір рет көмек көрсетпедіңдер. Ертең мені жәрмеңкеге 

апарыңдар,  халық  жиналған  жерге  барып,  Исламды 

түсіндірейін», – деді. 

103


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/141


81

Аллаһ пен расулына шақыру

Жәрмеңкеге арабтар тегіс жиналатын. Айтқан жер-

ге барғаннан кейін мен: «Мына көріп тұрғаның Кинда 

тайпасы, ал айналасына жиналғандар – Йемен халқынан 

Қағбаны зиярат етуге келген ең қадірлі адамдар. Міне, 

мынау – Бәкір ибн Уәил тайпасы орналасқан жер. Ал 

мынау – Бәну Амир ибн Сасаға тайпасы қоныстанған 

жер. Өзің таңда, қалағаныңа барып, уағыз айта бер», – 

дедім. 

Пайғамбарымыз  алдымен  киндилерге  барып,  кім 

екендіктерін сұрайды.

–  Йемен халқынанбыз. 

–  Йеменнің қай тайпасынан?

–  Киндадан.

–  Кинданың қай тегінен?

–  Амр ибн Мұғауияұлдарынан.

–  Қайырлы іске қолдау білдіруге барсыңдар ма?

–  Ол қандай қайырлы іс?

–  Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне куәлік етуге, 

намаз оқуға, Аллаһтан келгендерге иман келтіруге.

Басқа бір риуаят бойынша, киндалықтар Аллаһ ра-

сулына: «Жетістікке жетсең, билікті өзіңнен кейін біз-

ге қалдырасың ба?» – дейді. Расулаллаһ: «Байлық пен 

билік  Аллаһқа  тән,  қалағанына  нәсіп  етеді»,  –  дейді. 

Сонда киндалықтар: «Ендеше, біз сенің айтқандарыңа 

сенбейміз», – деп тыржың етіп, одан теріс айналады. 

Пайғамбарымыз  қайда  барса  да,  Әбу  Ләхаб  қыр 

соңынан  қалмай,  былайғы  жұртқа  «Мұхаммедке 

сенбеңдер»  деуден  шаршамайтын.  Сол  күні  де 

Пайғамбарымыздың әлгі қауымның қасынан кетіп бара 

жатқанын көзі шалып қалады. Пайғамбарымыз кеткен 

соң, ол жаңағы қауымға барады. Киндалықтар: «Мына 

адамды  танисың  ба?»  –  деп  сұрағанда,  «Иә,  мына 



82

Сахабалар салған сара жол

Минаның төбесіндегі адам ба? Оны неге сұрадыңдар?» 

–  дейді.  «Аллаһтың  пайғамбары  екендігін  айтты»,  – 

дейді  олар.  Әбу  Ләхаб:  «Мұхаммедтің  сөзіне  құлақ 

аспаңдар, оның есі ауысқан, сандырақтай береді», – деді. 

Киндалықтар:  «Иә,  ирандықтар  туралы  айтқанынан 

сезген едік мұны», – дейді

104






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет