118
Сахабалар салған сара жол
Пайғамбарымызға қарсы нақты іске көшкеніне қуанып:
«Кисра әлі-ақ жазасын береді, енді одан құтылатын
болдық», – дейді. Кисра Базанның адамдары Таифтен
шығып, Мәдинаға, Аллаһ елшісіне барып жолығады.
Ебанух Аллаһ елшісіне: «Кисра Базанға хат жазып,
сені оған ертіп апаратын адамдар жіберуін бұйырды.
Базан менімен еріп баруың үшін мені саған жіберді»,
– дейді. Расулаллаһ: «Әзірше сендер бара тұрыңдар,
ертең келіңдер, сол кезде сөйлесеміз», – дейді. Ертеңіне
Расулаллаһқа (с.а.с.) барған кезде, оларға Аллаһтың
әмірімен Кисраны баласы Ширәуәйхтің пәлен күні,
пәлен сағатта өлтіргенін хабарлайды. «Сен не айтып
тұрғаныңды білесің бе? Мұны Базанға хатпен жазып
хабарлайық па?» – дейді.
Аллаһ расулы: «Иә, жазыңдар. Сонымен қатар,
егер мұсылман болса, қол астындағыларды, билікті
өзіне қалдыратынымды да айтыңдар», – дейді.
Сосын Расулаллаһ өзіне сыйға берілген, ішіне ал-
тын мен күміс толтырылған тостағанды Жәд Жәмираға
табыс етеді. Олар елдеріне қайтып, Базанға келіп,
болған жағдайды баяндайды. Базан: «Бұл билеушінің
аузынан шығатын сөзге ұқсамайды. Айтқандарының
дұрыс-бұрыстығын көреміз», – дейді. Арада көп уақыт
өтпей, Ширәуайхтан хат алады. Хатта былай жазылған
еді:
«Парсы халқының пайдасы үшін Кисраны өлтірдім.
Өйткені ол парсылардың әулетінен әулет қоймай, қырып
бітетін болды. Менің атымнан сен жақтағылардың
бағыныштылығына қатысты ант беру рәсімін өткіз.
Кисраның саған хат арқылы айтқан, өзіне жіберуін әмір
еткен кісіге (Пайғамбарға) қарсы келіп, асығыс әрекет
жасама». Базан бұл хатты оқып: «Ол кісі расында анық
119
Аллаһ пен расулына шақыру
пайғамбар екен», – деп мұсылмандықты қабылдайды.
Осыдан соң Йемендегі парсы зиялыларының барлығы
дерлік Исламға кіреді
133
.
Достарыңызбен бөлісу: