Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Тарауих намазы неше рәкат?



Pdf көрінісі
бет127/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Тарауих намазы неше рәкат?
Қазіргі таңда кейбір топтар «Тарауих 
намазын жиырма рәкат оқу дұрыс емес
Алла елшісі (с.а.у.) тарауих намазын сегіз 
рәкаттан артық оқымаған» деген пікірді 
ел арасында жайып жүр. Тіпті, абақтыда 
отырған намаз оқитындардың арасында 
осы үшін үлкен тартыс болған көрінеді. 
Тарауих намазы жиырма рәкат па, жоқ 
әлде сегіз рәкат па? Осыны шариғат 
тұрғысынан талдап берсеңіз?
Пайғамбарымыз (с.а.у) тарауих намазын кей күндері 
мешітте жамағатпен оқыған. Бірақ ешбір сахих хадис-
те тарауих намазының нақты рәкат саны айтылмаған. 
Омардың (р.а.) заманында отыз күн оразада тарауих на-
мазын мешітте жамағатпен оқу бір жүйеге келтіріліп, 
жиырма рәкат оқылды. Сол күннен бүгінге дейін 
мұсылман үмбетінің шығысы мен батысы, яғни күллі 
ислам әлемі оны жиырма рәкат етіп оқып келеді. Төрт 
мәзһабта да тарауихтың рәкат саны жиырма. Тек Мәлики 
мәзһабында жиырма рәкат деген негізгі үкімнің жанын-
да отыз алты рәкат деген де көзқарас бар. Ғалым ән-
Нафрауи тарауих намазының рәкат санына байланы-


220
Ислам ғылымхалы
сты келтірген көпшілік ғұламаның дәйектерінің қуатты 
екенін әрі Мәлики мәзһабын ұстанатындардың да бұған 
қосылатындығын айтады. Мәлики мәзһабының көрнекті 
ғалымы әд-Дардир: «Тарауих намазы құптан намазы-
нан кейін жиырма рәкат оқылады. Үтірден басқа әр екі 
рәкаттан кейін сәлем беріледі. Рамазанның әр күні бір 
пара Құранды жиырма рәкатқа бөліп, Құранды бастан-аяқ 
бұл айда бір рет хатым ету – мұстахаб» деген. Ибн Хажар 
Һәйтами Мәлики мәзһабындағы Тарауих намазының 
отыз алты рәкат болуының негізін былай деп түсіндіреді: 
«Мекке халқы тарауихтың әрбір төрт рәкатынан кейін 
қағбаны тауап жасайтын еді. Мәдинадағы мұсылмандар 
тауап жасай алмайтын болғандықтан, оның орнына 
қосымша он алты рәкат намаз оқыған...». 
Ханафи мәзһабында да тарауих намазының жиырма 
рәкат екенін мәзһабтың мәшһүр ғалымы Сарахси: «Та-
рауих намазы – үтірді қоспағанда жиырма рәкат» десе, 
Кәсани: «Тарауих намазының мөлшері – он сәлемнен 
тұратын жиырма рәкат, бес таруиха. Бір таруиха екі 
сәлемнен тұрады. Намаздың рәкатына байланысты 
бұл көзқарас жалпы ғұламалардың таңдауы» деген. 
Ибн Абидин де тарауих намазының жиырма рәкаттан 
тұратынын әрі көпшілік ғұламалардың осы көзқараста 
екенін, тіпті ислам үмбетінің батысы да, шығысы да 
осыны іс жүзінде ұстанатынын білдірген.
Шафиғи мәзһабының атақты ғалымы Имам ән-
Нәуауий: «Мәзһабымызда тарауих намазы жиырма 
рәкат оқылады. Үтірден басқа әр екі рәкаттан кейін сәлем 
беріледі. Жиырма рәкатта бес «таруиха» (аздап үзіліс 
беруге таруиха делінеді. Қ.Ж.) бар. Бір тәруиха – екі 
рәкат сайын сәлем берілетін төрт рәкаттан тұрады. Міне, 


221
Намаз
бұл біздің мәзһабымыздың көзқарасы. Бұл көзқарасты 
Әбу Ханифа мен оның ізбасарлары
251
, Ахмед ибн Ханбал, 
Әбу Дәуід және басқа да ғалымдар ұстанады...»
252
– деп, 
Шафиғи мәзһабында тарауихтың жиырма рәкат екенін 
айтқан. 
Ханбали мәзһабының үлкен ғалымы Ибн Құдама: 
«Әбу Абдиллаһтың (Ахмад ибн Ханбал) таңдаған 
көзқарасы бойынша тарауих намазы – жиырма рәкат. Бұл 
көзқарасты Сәури, Әбу Ханифа, Шафиғи да ұстанады» 
деп, Ханбали мәзһабында да тарауихтың жиырма рәкат 
екенін білдірген. 
Иә, тарауих намазының рәкат саны төрт мәзһаб 
бойынша да жиырма рәкат екені және мұсылман 
үмбетінің мұны іс жүзінде орындағанын байқадық. 
Тарауихтың жиырма рәкат болуының дәлелдері мынан-
дай: Пайғамбарымыздың (с.а.у) аузынан тарауихтың 
рәкат санының жиырма екенін яки сегіз екенін білдірген 
ешбір сахих хадис жоқ. Ендеше, бұл жерде сахабалардың 
іс жүзінде тарауих намазын қалай оқығандығы негізгі 
дәлел болуға тиіс. Олай дейтініміз, барша сахабалардың 
іс жүзінде тарауихтың рәкат мөлшеріне байланысты 
белгілі бір санды таңдауы – кездейсоқтық, яки бидғат 
емес, керісінше, олардың бұл мәселеге байланысты 
Пайғамбарымыздың (с.а.у) берген қандай да бір үкімін 
біліп шығарған тұжырымдары. Яғни, олар белгілі бір 
санды ойдан шығаруы мүмкін емес. Тарауих намазы 
Омардың (р.а.) заманынан бастап, жамағатпен жиырма 
251
Әбу Ханифаның Әбу Юсуф пен Мұхаммед секілді мүжтаһид 
шәкірттерін меңзеп тұр.
252
Имам Әбу Зәкәрия ән-Нәуауий, әл-Мәжмууъ, 4-том, 38-бет. 
«Дәрул-фикр», Бәйрут, 1997 ж.


222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет