УДК 28
ББК 86.38
И 83
Исаұлы М., Жолдыбайұлы Қ.
И 83 Ислам ғылымхалы – Алматы, 2010 ж. – 520 бет.
ISBN 978-601-06-1125-2
Бұл еңбекте Ислам дініндегі «намаз, ораза, зекет,
қажылық, құрбандық» секілді ғибадат негіздері ханафи
мәзһабы бойынша кеңінен түсіндіріліп, сан алуан көкейкесті
сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беріледі.
Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.
УДК 28
ББК 86.38
ISBN 978-601-06-1125-2
© «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2010
Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасының сараптау
комиссиясы мақұлдаған
3
Алғы сөз
Имандылыққа қайта бет бұрғалы бері халқымыздың
ислами еңбектерге деген сұранысы күн өткен сайын
артып келеді. Оны елдің бүгінгі Ислам дінін танып-
білуге деген талпынысынан анық көріп отырмыз. Сол
талпынысқа демеу болсын деген ниетпен 2003 жылы
«Ислам ғылымхалы» атты кітап жарық көрген болатын.
Алайда, кітап 5000 данамен шықса да, бірер жылда-
ақ түгелдей тарап үлгерген еді. Сіздерге ұсынылып
отырған бұл кітап − оқырман қауымның қызу қолдауы
мен сұранысының арқасында шығып отырған үшінші
басылым.
Бұл – Ислам дінінің
жыл өткен сайын халық
жүрегінен тереңірек орын алып келе жатқандығы мен
қазақ қоғамының мұсылманшылық пен имандылыққа
деген шынайы бетбұрысының анық көрінісі.
Ислам дінін жан-жақты тану, оның үкімдерінің жай-
жапсары мен құлшылықтарының жөн-жосығына қанығу,
мұсылманға тиесілі бес парыздың шариғат заңы бойын-
ша қалай дұрыс атқарылатындығын білу тұрғысынан
«
Ислам ғылымхалы»
- уақыт талабы мен оқырман
талғамына сай өте сәтті шыққан еңбек.
Бұған қоса, кітапта Ислам дінінің маңызы,
мәзһабтардың
шығу себептері, тазалық пен дәрет-
ғұсылдың жөн-жоралғысы, намаз, ораза, зекет, қажылық,
құрбан шалу, аң аулаудың орындалу тәртібі мен шарттары
да кең көлемде ұғынықты етіп берілген. Сондай-ақ парыз,
уәжіп, сүннет секілді діни үкімдердің түсініктемелеріне
4
Ислам ғылымхалы
тоқталған. Кітапта қозғалған әрбір мәселе аят-хадис
тұрғысынан нақты дәлелденіп, тақырыпқа сай шағын
әңгімелер де келтірілген.
«Ислам ғылымхалын» құрастырып-жазуға көп
еңбек сарп етілгенін жиырмадан астам діни-әдебиет
бұлақтарының пайдаланылғанынан-ақ
аңғаруға
болады.
Сөз соңы, кітап Имам Ағзам мәзһабын ұстанушы
қазақстандық күллі мұсылман қауымның имани, рухани
кәдесіне жарар деген ниеттеміз.