231
Намаз
осыны маған нәсіп ет. Одан кейін маған мол береке
бер.
Ал егер бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің ақырына
және дүние мен ақырет әлеміме жаманат әкелетін болса,
менен алыстат. Мені де одан алыстат. Жүрегімде оған
деген иілу ізін қалдырма. Жақсылыққа, тек жақсылыққа
жеткіз. Содан кейін онымен мені разы ет».
Осыдан кейін мәселе айқындалмаса, намаз бен
дұғаны жеті күн қайталау қажет. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) Әнасқа былай дейді:
«Әнас! Бір іс жасағың
келсе, Раббыңа истихара намазы мен истихара дұғасын
жеті рет қайтала. Содан кейін жүрегің қалағанын ойла.
Жақсылық сол жерде»
267
. Истихара намазын күндіз оқуға
болатыны сияқты толық ынта бөліп, кешке жатардың ал-
дында да оқуға болады. Аллаһ Тағала білінуі үміт етілген
істі түсінде ишарат жолдары арқылы білдіруі мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген истихара дұғасының арабшасын
айту шарт емес. Қазақша мағынасын айтса да болады.
Тәсбих намазы
Тәсбих намазының сауабы көп. Бұл намазды
әрқашан оқуға болады. Аптасына бір рет немесе айына
бір рет, тым болмаса өмірінде бір рет оқу керек. Тәсбих
намазы–төрт рәкат. Әрбір рәкатта «Фатиха» мен бір сүре
оқылады. Бір немесе екі сәлеммен аяқталады. Осы на-
мазда үш жүз рет:
ُرَبْكَا ُلا َو ُلا َّلاِا َهَلِا َلا َو ِل ُد ْم َحْلا َو ِلا َنا َحْب ُس
Достарыңызбен бөлісу: